Хадис

Риядус-салихин, № 413

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 413 (қазақша басылым реті)
413
Риядус-салихин, № 413Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит (р.а.)

عَنْ عبادة بْنِ الصامتِ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَهِدَ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، وَأَنَّ ثَلَاث عَبْدهُ ورَسُولُهُ، وَأَنَّ عِيسى عَبْدُ اللَّهِ وَرَسُولُهُ وَكَلِمَتُهُ ألْقَاهَا إِلَى مَرْيَمَ ورُوحٌ مِنْهُ، وَأَنَّ الْجَنَّةَ حَقٌّ، وَالنَّارَ حَقٌّ، أدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ عَلَى مَا كَانَ مِنَ الْعَمَلِ»

Қазақша аудармасы

Убада ибн Самит (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім: «Алладан басқа құдай жоқ! Ол жалғыз, Оның ешқандай серігі жоқ! Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі», Иса – Алланың құлы әрі елшісі және Оның Мәриямға жолдаған сөзі1 һәм Одан келген рух, сондай-ақ жаннат хақ, тозақ хақ!» деп куәлік етсе/сенсе, қандай іс істеген болса да Алла оны жұмаққа кіргізеді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 3435; Муслим: 140; Ахмад: 22711). Имам Муслимнің риуаятында: «Кімде-кім Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммедтің Оның елшісі екеніне куәлік етсе/сенсе, Алла оған тозақты харам қылады»,– делінген. (142)

Орысша аудармасы

Убада ибн Самит (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто засвидетельствует или уверует: ‘Нет божества, кроме Аллаха! Он Един, и нет у Него сотоварища! Мухаммад – Его раб и посланник; Иса – раб Аллаха и Его посланник, Его слово, которое Он послал Марьям1, и дух от Него; рай – истина, и ад – истина!’ – того Аллах введёт в рай, какими бы ни были его деяния”» (Аль-Бухари: 3435; Муслим: 140; Ахмад: 22711).

В версии имама Муслима сказано: «Кто засвидетельствует или уверует в то, что нет божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Его посланник, для того Аллах сделает ад запретным» (Муслим: 142).

  1. 1Мұнда Иса пайғамбардың (аләйһис-сәләм) әдеттен тыс таңғажайып жаратылысы меңзелуде, яғни, оның (а.с.) ер адамның ешбір қатысы болмастан тек әйел адамнан ғана дүниеге келуі Алланың «кун фә иәкун» деген ұлы пәрмені һәм тәкуин сифатымен орын алған мұғжиза жаратылыс.
  1. 1Здесь имеется в виду необычное, чудесное сотворение пророка Исы (мир ему): он родился только от женщины, без участия мужчины. Это чудо свершилось по великому повелению Аллаха «кун фа-якун» и посредством Его атрибута сотворения – таквина.