عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرِّجَالُ وَالنِّسَاءُ جَمِيعًا يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْض؟! قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، الْأمرُ أشَدُّ مِنْ أَنْ يُهِمَّهُمْ ذَلِكَ».
وَفِى رِوَايَة: «الْأَمْرُ أهمُّ مِنْ أَنْ يَنْظُرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْض»
Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ «Қиямет күні адамдар жалаң аяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде махшарға жиналады» дегенін естігенімде: «Уа, Расулалла! Сонда қалай? Ерлер мен әйелдер бір жерге жиналып, бір-біріне қарай ма?!» – дедім таңырқап. Сонда Алла елшісі: «Уа, Айша! Сол күнгі жағдайдың қиындығы соншалық – бір-біріне қарау деген олардың ойына да кіріп шықпайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6527; Муслим: 7198; Ахмад: 24265).
Басқа бір хадисте: «Уа, Айша! Сол күнгі жағдайдың қиындығынан олардың тіпті бір-біріне қарауға да мұршасы болмайды» – делінген.
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «Однажды я услышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения люди будут собраны на махшаре босыми, нагими и необрезанными”. Тогда я в изумлении спросила: “О Посланник Аллаха! Как же так? Неужели мужчины и женщины соберутся в одном месте и будут смотреть друг на друга?!” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “О Аиша! Положение в тот День будет настолько тяжёлым, что им даже не придёт в голову смотреть друг на друга”» (Аль-Бухари: 6527; Муслим: 7198; Ахмад: 24265).
В другом хадисе говорится: «О Аиша! Из-за тяжести положения в тот День у них не будет возможности даже взглянуть друг на друга».