Хадис

Риядус-салихин, № 411

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
50. Алладан қорқу жайында
Нөмірі
№ 411 (қазақша басылым реті)
411
Риядус-салихин, № 411Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ خَافَ أدْلَجَ، وَمَنْ أدْلَجَ بَلَغَ الْمَنْزِلَ. ألا إِنَّ سِلْعَةَ اللَّهِ غَالِيَةٌ، أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللَّه الْجَنَّةُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «(Жолдағы қарақшылардан) қорыққан жолаушы жолға қас қарайғанда шығады. Түнделетіп жол жүрген адам баратын жеріне аман-есен жетеді. Алланың дүниесі аса құнды. Алланың дүниесі – жұмақ», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2450)

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Путник, опасающийся (дорожных разбойников), отправляется в путь с наступлением сумерек. Тот, кто идёт ночью, благополучно достигает места назначения. Поистине, награда Аллаха чрезвычайно ценна. Награда Аллаха – рай”» (Ат-Тирмизи: 2450).

Түсіндірме (қазақша)

Яғни, Алланың құлдары үшін дайындаған ең үлкен сыйы жұмаққа жету оңай емес. Ақыретке сапар шеккен пенденің өмірлік жолында оны тура жолдан тайдырып жіберетін нәпсі немесе адамдар мен жындардан шығатын шайтандар сияқты азғырушы дұшпандары көп болады, сондықтан күтпеген тұстан дұшпанмен ұшырасып қалмау үшін түн ұйқысын қиып, қас қарайғанда жолға шыққан жолаушы секілді түннің бір бөлігінде құлшылық жасаған абзал.

Түсіндірме (орысша)

достичь рая – величайшей награды, которую Аллах приготовил для Своих рабов, – нелегко. На жизненном пути раба, направляющегося в мир вечный, встречается немало врагов-искусителей, способных сбить его с прямого пути: собственный нафс, а также шайтаны из числа людей и джиннов. Поэтому, чтобы враг не застиг его врасплох, человеку лучше посвящать часть ночи поклонению, подобно путнику, который отказывается от ночного сна и отправляется в дорогу с наступлением сумерек.