Хадистер
«وَإِيَّايَ فَارْهَبُونِ» «...Менен ғана қорқыңдар!» («Бақара» сүресі, 40-аят).
«إِنَّ بَطْشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ» «Раббыңның бас салып азаптауы, шүбәсіз, өте қатты болады!» («Буруж» сүресі, 12-аят).
«وَكَذَلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَا أَخَذَ الْقُرَى وَهِيَ ظَالِمَةٌ إِنَّ أَخْذَهُ أَلِيمٌ شَدِيدٌ إِنَّ فِى ذَلِكَ لآيَةً لِمَنْ خَافَ عَذَابَ الْآخِرَةِ ذَلِكَ يَوْمٌ مَجْمُوعٌ لَهُ النَّاسُ وَذَلِكَ يَوْمٌ مَشْهُودٌ وَمَا نُؤَخِّرُهُ إِلَّا لأَجَلٍ مَعْدُودٍ يَوْمَ يَأْتِ لَا تَكَلَّمُ نَفْسٌ إِلَّا بِإِذْنِهِ فَمِنْهُمْ شَقِيٌّ وَسَعِيدٌ فَأَمَّا الَّذِينَ شَقُوا فَفِى النَّارِ لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَشَهِيقٌ» «Міне, Раббым залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы тым қатты. Шынында, осы оқиғалардың бәрінде ақырет азабынан қорқатындар үшін сабақ боларлық ғибрат бар. Ол күллі адамзат ғарасат майданына жиналатын күн, һәм де ол – күллі жаратылыс көретін күн. Біз ол күнді өзіміз белгілеп, бекіткен белгілі мерзімнен кешіктірмейміз. Сол күн туғанда Алланың рұқсатынсыз бірде-бір жан тіл қата алмайды. Міне, сол күні біреулер сормаңдай, ал енді біреулер бақытты болмақ. Сормаңдай болғандарға келсек, олар тозақта. Ондағы жан төзгісіз азаптан қатты ентігіп ақырып-өкірумен болады» («Һуд»сүресі, 102, 104, 105, 106-аят).
«وَيُحَذِّرُكُمُ اللَّهُ نَفْسَهُ» «...Алла сендерді Өзінен (яғни, Өзіне қарсы келуден) сақтандырады...» («Әли Имран» сүресі, 28-аят).
«يَوْمَ يَفِرُّ الْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ وَأُمِّهِ وَأَبِىهِ وَصَاحِبَتِهِ وَبَنِيهِ لِكُلِّ امْرِئٍ مِنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ» «Сол күні адам баласы өз бауырынан безеді, тіпті өз анасы мен әкесінен, жан-жары мен бала-шағасынан безеді. Сол күні әр адам өз басымен қайғы болады» («Абәсә» сүресі, 34,35,36,37-аяттар).
«يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ إِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ يَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ كُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّا أَرْضَعَتْ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى وَلَكِنَّ عَذَابَ اللَّهِ شَدِيدٌ» «Уа, адамдар! Раббыларыңа қарсы келуден сақтанындар! Шүбәсіз, қиямет күнінің зілзаласы – алапат құбылыс. Сол күні бала емізетін әр ананың омырауындағы баласын ұмытқанын, әрбір жүктінің іш тастағанын көресің. Әрі адамдардың бәрін ес-түсінен айырылған мас күйде көресің, әсілі, олар мас емес. Алайда Алланың азабы тым қатты!» («Хаж» сүресі, 1,2-аят).
«وَلِمَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ جَنَّتَانِ» «Раббысының құзырында (есеп беруден) қорыққан жанға екі бірдей жаннат бар» («Рахман» сүресі, 46-аят).
«وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ يَتَسَاءلُونَ قَالُوا إِنَّا كُنَّا قَبْلُ فِى أَهْلِنَا مُشْفِقِينَ، فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْنَا وَوَقَانَا عَذَابَ السَّمُومِ إِنَّا كُنَّا مِنْ قَبْلُ نَدْعُوهُ إِنَّهُ هُوَ الْبَرُّ الرَّحِيمُ» «Олар бір-біріне бет бұрып, жай сұрасып, әңгіме-дүкен құрады. Олар былай дейді: «Біз бұрын үй ішімізбен қатты қорқатынбыз. Алла бізді шексіз шарапатына бөледі және тозақтың ыстық азабынан сақтады. Расында, біз бұрын бір Өзіне ғана жалбарынатын едік. Ол шынымен Бәрр (игілік иесі), Рахим (ерекше мейірімді)!» («Тур» сүресі, 25, 26, 27, 28-аят).
«И бойтесь лишь Меня» (сура «Бакара», 2:40).
«Поистине, возмездие твоего Господа сурово!» (сура «Бурудж», 85:12).
«И такова была кара твоего Господа, когда Он обрек на наказание селения, творившие зло. Поистине, Его кара нестерпима и сурова! Поистине, во всем этом содержатся знамения для тех, кто боится мучений вечной жизни. Это – День, когда все человечество соберется на алтаре суда, и это – День, который увидят все создания. И Мы задержим этот День только до утвержденного срока. Когда этот День настанет, не будет говорить ни одна душа без позволения Аллаха. В тот День среди них будет и несчастный, и счастливый. Что до тех, кто стал несчастным, то они – в Аду, и в нем для них – удушье, стоны и рев» (сура «Худ», 11:102–106).
«Предостерегает вас Аллах от ослушания и сопротивления Ему» (сура «Али Имран», 3:28).
«В тот День человек побежит от своего брата, и от матери своей, и от отца своего, и от жены, и от детей. В тот День у каждого из них будет своя всепоглощающая забота» (сура «Абаса», 80:34–37).
«О люди! Остерегайтесь ослушаться вашего Господа и гнева Его страшитесь! Поистине, сотрясение Часа – великое событие. Когда вы встретите тот День, каждая кормящая мать забудет того, кого она кормила, а каждая беременная женщина сложит свою ношу. И увидишь ты людей будто они пьяны, но не пьяны они. Однако наказание Аллаха – тяжко» (сура «Хадж», 22:1–2).
«Для верующего же, который боится предстать перед своим Господом, есть два Рая» (сура «Рахман», 55:46).
«И подходят с теплыми взорами одни из них к другим, расспрашивая. Скажут они: “Поистине, мы некогда трепетали всей семьей от страха”. “Аллах же объял нас Своей бесконечной милостью и спас от огня Ада”. “Воистину, мы некогда молились только одному Ему. Он, поистине, Добродетельный, Милосердный”» (сура «Тур», 52:25–28).
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: حدثنا رَسُول اللَّهِ ﷺ وَهُوَ الصادق الْمصدوق: «إِنَّ أَحَدَكُمْ يُجْمَعُ خَلْقُهُ فِى بَطْنِ أُمِّهِ أربَعِينَ يَوْمًا نُطْفَةً، ثُمَّ يَكُونُ عَلَقَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يَكُونُ مُضْغَةً مِثْلَ ذَلِكَ، ثُمَّ يُرْسَلُ الْمَلَكُ، فَيَنْفُخُ فِيهِ الرُّوحَ، وَيُؤْمَرُ بِأَرْبَعِ كَلِمَاتٍ: بِكَتْبِ رِزْقِهِ وَأجَلِهِ وَعَمَلِهِ وَشَقِيٌّ أَوْ سَعِيدٌ. فَوَالَّذِى لَا إِلَهَ غَيْرُهُ إِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وبيْنَهَا إِلَّا ذِرَاعٌ فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ، فَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ فَيدْخُلُهَا، وَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَيَعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ النَّارِ حَتَّى مَا يَكُونُ بَيْنَهُ وَبَيْنَهَا إِلَّا ذراعٌ، فَيَسْبِقُ عَلَيْهِ الْكِتَابُ فَيعْمَلُ بِعَمَلِ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَيَدْخُلُهَا»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): «Шыншыл әрі шыншылдығы расталған Алла елшісі ﷺ: «Расында, әрбіріңнің жаратылудағы алғашқы қалпы ананың құрсағында қырық күндей бір тамшы ұрық күйінде болады. Одан кейінгі қырық күндік мерзімде тамшы ұйыған қанға (яғни, ұйыған қаннан түзелген жасушаға) айналады. Одан кейінгі қырық күннің ішінде бір кесек етке (яғни, бір шайнам етке ұқсаған эмбрионға) айналады. Содан соң Алла Тағала оған періште жібереді. Әлгі періште оған жан үрлеп, пешенесіне төрт нәрсені: ризығын, қанша уақыт өмір сүретінін, істерін және бақытты немесе бақытсыз (түбінде жұмақтық немесе тозақтық) болатыны жайлы жазып қояды. Одан өзге ешбір тәңір болмаған Алланың атымен ант етейін! Расында, іштеріңдегі әлдебіреу өмір бойы жұмақтықтардың (сауапты) істерін істеп жүріп, жұмаққа жетуге бір шынтақ қалғанда, жазмыштан озмыш жоқ дегендей, өмірінің соңғы сәтінде тозақтықтардың ісін істеп, сол күйі тозаққа тасталады. Сондай-ақ араларыңдағы әлдебіреу өмір бойы тозақтықтардың (жаман) істерін істеп жүріп, тозаққа кіруге бір шынтақ қалғанда, әу баста жазылған жазмышына орай өмірінің соңғы сәтінде жұмақтықтардың (сауапты) ісін істеп, жұмаққа кіреді», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 3208; Муслим: 6723; Ахмад: 3934)
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Правдивый и подтверждённый в своей правдивости Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, первоначальное формирование каждого из вас происходит в материнской утробе: около сорока дней он пребывает там в виде капли семени. В течение следующих сорока дней эта капля превращается в сгусток крови (то есть в клеточное образование, сформировавшееся из сгустка крови). Затем, в течение последующих сорока дней, он превращается в кусочек плоти (то есть в эмбрион, похожий на разжёванный кусочек мяса). После этого Аллах Всевышний посылает к нему ангела. Ангел вдыхает в него душу и записывает в его судьбе четыре вещи: его удел, продолжительность его жизни, его деяния, а также то, будет ли он счастливым или несчастным (то есть окажется ли в конечном итоге обитателем рая или ада).
Клянусь Аллахом, кроме Которого нет иного божества! Поистине, кто-нибудь из вас может всю жизнь совершать дела обитателей рая (то есть благие дела), но, когда до рая ему останется всего один локоть, предначертанного не миновать: в последний миг своей жизни он совершит дело обитателей ада и будет брошен в ад. И точно так же кто-нибудь из вас может всю жизнь совершать дела обитателей ада (то есть дурные дела), но, когда до ада ему останется всего один локоть, согласно изначально начертанной ему судьбе, в последний миг своей жизни он совершит дело обитателей рая и войдёт в рай”» (Аль-Бухари: 3208; Муслим: 6723; Ахмад: 3934).
وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُؤْتَى بِجَهَنَّمَ يَوْمَئِذٍ لَهَا سَبْعُونَ أَلْفَ زِمَامٍ، مَعَ كُلِّ زِمَامٍ سَبعُونَ أَلْفَ مَلَكٍ يَجُرُّونَهَا»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Сол күні (қиямет күні) тозақ әкелінеді, оның жетпіс мың тізгіні болады, әрбір тізгінде оны сүйрейтін жетпіс мың періште болады», – деп айтқан. (Муслим: 7164)
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В тот День (в День воскресения) приведут ад. У него будет семьдесят тысяч поводьев, и за каждый из них его будут тащить семьдесят тысяч ангелов» (Муслим: 7164).
عَنْ النعمان بْنِ بشير، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أهْوَنَ أَهْلِ النَّارِ عَذَابًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ لَرَجُلٌ يوضعُ فِى أخْمَصِ قَدَمَيْهِ جَمْرَتَانِ يَغْلِى مِنْهُمَا دِمَاغُهُ. مَا يَرَى أَنَّ أَحَدًا أشَدُّ مِنْهُ عَذَابًا، وَأَنَّهُ لأَهْوَنُهُمْ عَذَابًا»
Қазақша аудармасы
Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Ақиқатында, қиямет күні тозақтықтардың ең жеңіл азап тартатыны – екі табанының астына екі шоқ қойылып, содан миы қайнайтын адам. Сонда ол өзінен қатты азап тартып жатқан жан жоқ шығар деп ойлайды, алайда ол шынында тозақтықтар ішіндегі азабы ең жеңіл болған адам», – деп айтқанын естідім», – деген. (Бұхари: 6562; Муслим: 363; Ахмад: 1839)
Орысша аудармасы
Нуман ибн Башир (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, в День воскресения легче всех из обитателей ада будет наказан тот, кому под каждую ступню положат по раскалённому угольку, отчего у него закипит мозг. Ему будет казаться, что никто не подвергается более тяжким мучениям, чем он, хотя в действительности его наказание будет самым лёгким среди всех обитателей ада”» (Аль-Бухари: 6562; Муслим: 363; Ахмад: 1839).
عَنْ سمرة بْنِ جندب: أَنَّ نَبِيَّ اللَّه ﷺ قَالَ: «مِنْهُمْ مَنْ تَأْخُذُهُ النَّارُ إِلَى كَعْبَيهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ تَأْخُذُهُ إِلَى رُكْبَتَيهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ تَأْخُذُهُ إِلَى حُجزَتِهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ تَأْخُذُهُ إِلَى تَرْقُوَتِهِ»
Қазақша аудармасы
Сәмура ибн Жундубтан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Олардың (тозаққа түскендердің) арасында тозақ отына тобықтарына дейін, кейбірі қос тізесіне дейін, енді бірі беліне дейін, тағы бір бөлігі алқымына дейін оранатындар бар», – деді», – деген (Муслим: 7170).
Орысша аудармасы
Передают со слов Самуры ибн Джундуба (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Среди них (тех, кто окажется в аду) будут такие, кого огонь ада охватит до щиколоток; будут те, кого он охватит до колен; будут те, кого он охватит до пояса; и будут те, кого он охватит до горла» (Муслим: 7170).
عَنِ ابْنِ عُمَرَ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَقُومُ النَّاس لِرَبِّ الْعَالَمِينَ حَتَّى يَغِيبَ أَحَدُهُمْ فِى رَشْحِهِ إِلَى أنْصَافِ أُذُنَيهِ»
Қазақша аудармасы
Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Сол күні барша адамзат күллі әлемдердің Раббысының дәргейінде (есеп беру үшін махшарда) тікесінен тік тұрады. Сонда кейбіреулер (үшін сол күннің ауыр болатыны соншалық) құлақтарының орта тұсына дейін өз теріне өзі батады», – деді», – деген. (Бұхари: 4938; Муслим: 8203; Ахмад: 4862)
Орысша аудармасы
Передают со слов Ибн Умара (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «“В тот День всё человечество будет стоять пред Господом всех миров” (на месте всеобщего сбора, чтобы дать отчёт; сура “Мутаффифин”, 83:6). Тогда некоторые люди (настолько тяжким окажется для них этот День) погрузятся в собственный пот до середины ушей» (Аль-Бухари: 4938; Муслим: 8203; Ахмад: 4862).
عَنْ أَنَس قَالَ: خطبنا رَسُول اللَّهِ ﷺ خطبة مَا سَمِعْتُ مِثلها قطّ، فَقَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ، لَضحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيتُمْ كَثِيرًا» فَغَطَّى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجُوهَهُمْ، وَلَهُمْ خَنَينٌ.
وَفِى رِوَايَة: بَلَغَ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنْ أَصْحَابِهِ شَيْءٌ فَخَطَبَ، فَقَالَ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَلَمْ أرَ كَالْيَوْمِ فِى الْخَيْرِ وَالشَّرِّ، وَلَوْ تَعْلَمونَ مَا أعلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا» فَمَا أَتَى عَلَى أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَوْمٌ أَشَدُّ مِنْهُ، غَطَّوْا رُؤُسَهُمْ وَلَهُمْ خَنِينٌ.
«الخَنِينُ» بالخاءِ الْمعجمة: هُوَ الْبُكَاءُ مَعَ غُنَّة وانتِشَاقِ الصَّوْتِ مِنَ الْأنْفِ
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бізге бір құтба айтты, мен бұрын-соңды ондай құтбаны еш естіген емеспін. Сонда Алла елшісі: «Егер де менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер!» – деді. Сонда сахабалар беттерін жауып, еңіреп қоя берді», – деген. (Бұхари: 4621; Муслим; Ахмад: 13009)
Басқа бір риуаятта: Әнәс (р.а.): «Бірде Расулалла сахабалар жайлы жағымсыз хабар естіп, оларды жинап алды да, оларға: «Алла Тағала маған жаннат пен тозақты көрсетті. Сол күнгідей жақсылық пен жамандық атаулыны бұрын-соңды көрген емеспін. Егер менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деп уағыз айтты. Бұған дейін Алла елшісінің сахабаларының басына дәл осындай ауыр күн тумаған еді. Еңселерінің түскендігі соншалық – бастарын бүркеп алып, егіліп жылаумен болды», – деп айтты. (Муслим: 6119)
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с проповедью, подобной которой я никогда прежде не слышал. Посланник Аллаха сказал: “Если бы вы знали то, что знаю я, то мало смеялись бы и много плакали!” Тогда сподвижники закрыли лица и разрыдались» (Аль-Бухари: 4621; Муслим; Ахмад: 13009).
В другой версии этого хадиса Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ услышал неприятные известия о сподвижниках, собрал их и обратился к ним с проповедью: “Аллах Всевышний показал мне рай и ад. Я никогда прежде не видел столько добра и зла, сколько увидел в тот день. Если бы вы знали то, что знаю я, то мало смеялись бы и много плакали”. До того дня сподвижникам Посланника Аллаха не доводилось переживать столь тяжёлого дня. Они были настолько подавлены, что накрыли головы и горько плакали» (Муслим: 6119).
عَنْ الْمقداد قَالَ: سمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تُدْنَى الشَّمْسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْخَلْقِ حَتَّى تَكُونَ مِنْهُمْ كَمِقْدَارِ مِيلٍ» قَالَ سُلَيْم بنُ عامِر الراوي عَنْ الْمقداد: فَوَاللَّهِ مَا أدْرِى مَا يعنِى بِالْمِيلِ، أمَسَافَةَ الْأَرْضِ أَمِ الْمِيلَ الَّذِى تُكْتَحَلُ بِهِ الْعَيْنُ؟ قَالَ: «فَيكُونُ النَّاسُ عَلَى قَدْرِ أَعْمَالِهِمْ فِى الْعَرَقِ، فَمِنْهُمْ مَنْ يَكُونُ إِلَى كَعْبَيْهِ، ومنهم من يكون إِلَى ركبتيه، ومنهم مَنْ يَكُونُ إِلَى حِقْوَيْهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ يُلْجِمُهُ الْعَرَقُ إِلْجَامًا». قَالَ: وَأَشَارَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بيدهِ إِلَى فِيهِ
Қазақша аудармасы
Миқдад (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні күн жаратылысқа арада бір «миль»1 қашықтық қалғанға дейін жақындатылады», – деп айтқанын естідім», – деген. Бұл хадисті Миқдадтан жеткізуші Суләйм ибн Амир: «Алланың атымен ант етейін! «Миль» дегенде жер қашықтығы өлшемін бе әлде көзге сүрме жағатын құралды меңзеді ме, ол жағын білмеймін», – деген. (Алла елшісі одан кейінгі сөзінде): «Сонда адамдар (дүниедегі) істеріне қарай терге батады. Кейбірі тобықтарына дейін, кейбірі тізелеріне дейін, ал кейбірі белдеріне дейін терге батады, енді біреулері өз терлеріне ауыздарына дейін батады», – деп қолымен аузын көрсетті», – деген. (Муслим: 7206; Ахмад: 23813)
Орысша аудармасы
Микдад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения солнце приблизят к творениям так, что между ними останется расстояние всего в один ‘миль’1”». Сулейм ибн Амир, передавший этот хадис со слов Микдада, сказал: «Клянусь Аллахом! Я не знаю, подразумевал ли он под словом “миль” меру земного расстояния или палочку для нанесения сурьмы на глаза». Далее Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тогда люди будут погружены в пот сообразно своим делам (совершённым в земной жизни): у одних он будет доходить до щиколоток, у других – до колен, у третьих – до пояса, а некоторые погрузятся в собственный пот до самого рта», – и при этих словах Посланник Аллаха рукой указал на свой рот. (Муслим: 7206; Ахмад: 23813).
- 1Миль – бұрынғы арабтардың өлшемінде көз көрім жерге айтылған, ал шариғат бойынша төрт мың шынтақ жер мөлшеріндегі қашықтық өлшемі.
- 1Миль – мера расстояния, которую древние арабы определяли как расстояние в пределах видимости; в шариате она равна четырём тысячам локтей.
وَعَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَعْرَقُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يَذْهَبَ عَرَقُهُمْ فِى الْأَرْضِ سَبْعِينَ ذِراعًا، وَيُلْجِمُهُمْ حَتَّى يَبْلُغَ آذَانَهُمْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Қиямет күні адамдардың терге бататыны соншалық – аққан терлері жерге жетпіс шынтаққа дейін сіңеді, ал өздері құлақтарына дейін терге батады», – деген. (Бұхари: 6532; Муслим: 7205; Ахмад: 9426)
Орысша аудармасы
Передают со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения люди будут так сильно потеть, что их пот впитается в землю на глубину семидесяти локтей, а сами они погрузятся в него до ушей» (Аль-Бухари: 6532; Муслим: 7205; Ахмад: 9426).
وَعَنْهُ، قَالَ: كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِذْ سمع وجبة، فَقَالَ: «هَلْ تَدْرُونَ مَا هَذَا؟» قُلْنَا: اللَّه وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: «هذَا حَجَرٌ رُمِيَ بِهِ فِى النَّارِ مُنْذُ سَبْعِينَ خَرِيفًا، فَهُوَ يَهْوِى فِى النَّارِ الآنَ حَتَّى انْتَهَى إِلَى قَعْرِها فَسَمِعْتُمْ وَجْبَتَهَا»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісімен ﷺ бірге болғанымызда, ол бірдеңенің құлағанын естіді де: «Мынаның не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла және елшісі бәрінен жақсы білуші!» – деп едік, ол: «Бұл – тозаққа жетпіс күз (яғни, жетпіс жыл) бұрын лақтырылған тас, ол осы қазір ғана тозақтың түбіне жетті, сендер соның құлаған дауысын естідіңдер», – деп айтты», – деген. (Муслим: 7167; Ахмад: 8839)
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды, когда мы находились вместе с Посланником Аллаха ﷺ, он услышал, как что-то упало, и спросил: “Знаете ли вы, что это?” Мы ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше всех!” Тогда он сказал: “Это камень, брошенный в ад семьдесят осеней (то есть семьдесят лет) назад. Он только сейчас достиг дна ада, и вы услышали звук его падения”» (Муслим: 7167; Ахмад: 8839).
عَنْ عدي بْنِ حاتم قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا سَيُكَلِّمُهُ رَبُّهُ لَيْسَ بَيْنَهُ وبَيْنَهُ تَرْجُمَانٌ، فَيَنْظُرُ أيْمَنَ مِنْهُ فَلَا يَرَى إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ أشْأَمَ مِنْهُ فَلَا يَرَى إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ بَيْنَ يَدَيْهِ فَلَا يَرَى إِلَّا النَّارَ تِلْقَاءَ وَجْهِهِ، فَاتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ»
Қазақша аудармасы
Ади ибн Хатимнен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «(О дүниеге барғанда) Раббыларың әрқайсыңмен ешбір делдалсыз-ақ жеке сөйлесетін болады. Сол бір сәтте адам баласы оң жағына қараса, істеген істерінен өзге еш нәрсе көре алмайды. Сол жағына мойын бұрса да, істеген істерінен өзгені көре алмайды. Сондай-ақ алдына назар салғанда, лаулаған тозақ отынан өзге еш нәрсе көре алмайды. Ендеше, мүмкіндіктерің бар кезде, тіпті жарты құрмамен болсын (яғни, аз мөлшерде болса да, садақа беріп) тозақ отынан сақтаныңдар», – деп айтты» – делінген. (Бұхари: 6539; Муслим: 2348; Ахмад: 18246)
Орысша аудармасы
Ади ибн Хатим (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Когда вы окажетесь в мире ином, Господь будет говорить с каждым из вас лично, без всякого посредника. В тот миг человек посмотрит направо и не увидит ничего, кроме совершённых им деяний; посмотрит налево и также не увидит ничего, кроме своих деяний; а когда посмотрит перед собой, то не увидит ничего, кроме пылающего адского огня. Поэтому, пока у вас есть возможность, защищайте себя от адского огня хотя бы половинкой финика (то есть подавая милостыню даже в малом количестве)» (Аль-Бухари: 6539; Муслим: 2348; Ахмад: 18246).
عَنْ أَبِى ذر -رضي اللَّه عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنِّي أَرَى مَا لَا تَرَوْنَ، أطَّتِ السَّمَاءُ وَحُقَّ لَهَا أَنْ تَئِطَّ، مَا فِيهَا مَوضِعُ أَرْبَع أَصَابعَ إِلَّا وَمَلَكٌ وَاضِعٌ جَبْهَتَهُ سَاجِدًا لِلَّهِ تَعَالَى. واللَّه لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ، لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا، وَمَا تَلَذَّذْتُمْ بالنِّساءِ عَلَى الْفُرُشِ، وَلَخَرَجْتُمْ إِلَى الصُّعُدَاتِ تَجْأرُونَ إِلَى اللَّهِ تَعَالَى»
Қазақша аудармасы
Әбу Зәррден (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Шынтуайтында, мен сендердің көрмегендеріңді көрудемін. Аспан сықырға толды! Оның осылайша сықырлауы заңды да, өйткені аспанда періштелердің маңдайы тимеген төрт елідей бос жер жоқ. Алланың атымен ант етейін! Менің білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер. Тіпті әйелдеріңмен жылы төсекте жатып рақатқа батудан бас тартып, көше мен дала кезіп, жан дауыстарыңмен Алладан медет тілеп, Оған жалбарынумен болатын едіңдер», – деп айтты» – делінген. (Тирмизи: 2312)
Орысша аудармасы
Передают со слов Абу Зарра (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, я вижу то, чего вы не видите. Небеса наполнились скрипом! И по праву они скрипят, ибо на небесах нет свободного места шириной даже в четыре пальца, которого не касался бы лоб ангела. Клянусь Аллахом! Если бы вы знали то, что знаю я, то мало смеялись бы и много плакали. Вы даже отказались бы от наслаждений со своими жёнами на тёплых ложах, бродили бы по улицам и полям, во весь голос взывая к Аллаху о помощи и не переставая молить Его» (Ат-Тирмизи: 2312).
عَنْ أَبِى برزة – براء ثُمَّ زاي – نَضْلَة بْنِ عبيد الْأسلمي قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ عُمُرِهِ فِيمَ أفنَاهُ؟ وَعَنْ عِلمِهِ فِيمَ فَعَلَ فِيهِ؟ وَعَنْ مَالِهِ مِنْ أيْنَ اكْتَسَبَهُ؟ وَفيمَ أنْفَقَهُ؟ وَعَنْ جِسمِهِ فِيمَ أبلاهُ؟»
Қазақша аудармасы
Әбу Бәрза Надла ибн Убәйд әл-Әсләми (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Қиямет күні Алланың алдына барғанда, бірде-бір пенде өзінің өмірін қалай өткізгендігі, алған білімін қалай қолданғандығы, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қай жолда сарп еткендігі және тәнін қайда жүріп тоздырғандығы жайлы есеп бермейінше, бір адым алға жылжи алмайды», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2417)
Орысша аудармасы
Абу Барза Надла ибн Убайд аль-Аслами (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения, представ перед Аллахом, ни один раб не сможет сделать и шага, пока не даст отчёт о том, как провёл свою жизнь, как применял полученные знания, какими путями приобрёл своё имущество и на что его израсходовал, а также в каких делах изнурял своё тело”» (Ат-Тирмизи: 2417).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قرأ رَسُول اللَّهِ ﷺ: «يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ أَخْبَارَهَا» [الزلزلة: 4] ثُمَّ قَالَ: «أتَدْرونَ مَا أخْبَارهَا»؟ قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: «فَإِنَّ أخْبَارَهَا أَنْ تَشْهَدَ عَلَى كُلّ عَبْدٍ أَوْ أمَةٍ بما عَمِلَ عَلَى ظَهْرِهَا تَقُولُ: عَملْتَ كَذَا وكَذَا فِى يَوْمِ كَذَا وكَذَا فَهَذِهِ أخْبَارُهَا»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ бір күні: «Сол күні жер өз хабарын түгел баяндайды»1 деген аятты оқыды да, сахабаларынан: «Оның хабарының не екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Сахабалар: «Алла және елшісі бәрінен жақсы білуші!» – дегенде Алла елшісі: «Оның хабары – әрбір ер адам мен әйелдің жер бетінде істеген істері жайында: «Сен мына күні мынадай, мына күні мынадай іс істедің», – деп куәлік етуі. Оның хабары міне осы!» – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2429)
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ прочитал аят: “В тот День земля поведает все свои вести”1, – а затем спросил сподвижников: “Знаете ли вы, в чём заключаются её вести?” Они ответили: “Аллах и Его Посланник знают лучше!” Тогда Посланник Аллаха сказал: “Её вести заключаются в том, что она засвидетельствует о деяниях каждого мужчины и каждой женщины, совершённых ими на земле, сказав: ‘В такой-то день ты совершил то-то, а в такой-то день – то-то’. Вот каковы её вести!”» (Ат-Тирмизи: 2429).
- 1«Зілзала» сүресі: 4 аят.
- 1Сура «Зильзаля», аят 4.
عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ أنْعَمُ! وَصَاحِبُ الْقَرْنِ قَدِ التَقَمَ الْقَرْنَ، وَاسْتَمَعَ الْإِذْنَ مَتَى يُؤمَرُ بالنَّفْخِ فَيَنْفُخُ» فَكَأَنَّ ذَلِكَ ثَقُلَ عَلَى أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ فَقَالَ لَهُمْ: «قُولُوا: حَسْبُنَا اللَّه وَنِعْمَ الْوَكِيلُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Сырнай ұстаған (Исрафил) періште сырнайды аузына тақап, «үрле» деген пәрменге құлағын түріп, дайын тұрған кезде, мен қалайша (жалған дүниенің) қызығына батайын?» – деген еді. Бұл сөздер сахабаларға өте ауыр тигендей болды. Соны байқаған Алла елшісі оларға: «Бізге Алланың мейірімі, кеңшілігі жетеді, «Ол қандай керемет Қамқоршы!» деп Аллаға мадақ айтыңдар», – деді», – деген. (Тирмизи: 2431,3243)
Орысша аудармасы
Абу Саид (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Как же мне предаваться наслаждениям (бренного мира), когда ангел (Исрафил), держащий Трубу, уже поднёс её к устам, напряжённо прислушивается в ожидании повеления: ‘Труби!’ – и стоит наготове?” Эти слова показались сподвижникам очень тяжёлыми. Заметив это, Посланник Аллаха ﷺ сказал им: “Восхваляйте Аллаха словами: ‘Нам достаточно милости и щедрости Аллаха. Какой Он прекрасный Покровитель!’” (сура “Али Имран”, 3:173)» (Ат-Тирмизи: 2431, 3243).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ خَافَ أدْلَجَ، وَمَنْ أدْلَجَ بَلَغَ الْمَنْزِلَ. ألا إِنَّ سِلْعَةَ اللَّهِ غَالِيَةٌ، أَلَا إِنَّ سِلْعَةَ اللَّه الْجَنَّةُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «(Жолдағы қарақшылардан) қорыққан жолаушы жолға қас қарайғанда шығады. Түнделетіп жол жүрген адам баратын жеріне аман-есен жетеді. Алланың дүниесі аса құнды. Алланың дүниесі – жұмақ», – деп айтты», – деген. (Тирмизи: 2450)
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Путник, опасающийся (дорожных разбойников), отправляется в путь с наступлением сумерек. Тот, кто идёт ночью, благополучно достигает места назначения. Поистине, награда Аллаха чрезвычайно ценна. Награда Аллаха – рай”» (Ат-Тирмизи: 2450).
Түсіндірме (қазақша)
Яғни, Алланың құлдары үшін дайындаған ең үлкен сыйы жұмаққа жету оңай емес. Ақыретке сапар шеккен пенденің өмірлік жолында оны тура жолдан тайдырып жіберетін нәпсі немесе адамдар мен жындардан шығатын шайтандар сияқты азғырушы дұшпандары көп болады, сондықтан күтпеген тұстан дұшпанмен ұшырасып қалмау үшін түн ұйқысын қиып, қас қарайғанда жолға шыққан жолаушы секілді түннің бір бөлігінде құлшылық жасаған абзал.
Түсіндірме (орысша)
достичь рая – величайшей награды, которую Аллах приготовил для Своих рабов, – нелегко. На жизненном пути раба, направляющегося в мир вечный, встречается немало врагов-искусителей, способных сбить его с прямого пути: собственный нафс, а также шайтаны из числа людей и джиннов. Поэтому, чтобы враг не застиг его врасплох, человеку лучше посвящать часть ночи поклонению, подобно путнику, который отказывается от ночного сна и отправляется в дорогу с наступлением сумерек.
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُحْشَرُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حُفَاةً عُرَاةً غُرْلًا» قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، الرِّجَالُ وَالنِّسَاءُ جَمِيعًا يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْض؟! قَالَ: «يَا عَائِشَةُ، الْأمرُ أشَدُّ مِنْ أَنْ يُهِمَّهُمْ ذَلِكَ».
وَفِى رِوَايَة: «الْأَمْرُ أهمُّ مِنْ أَنْ يَنْظُرَ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْض»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ «Қиямет күні адамдар жалаң аяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде махшарға жиналады» дегенін естігенімде: «Уа, Расулалла! Сонда қалай? Ерлер мен әйелдер бір жерге жиналып, бір-біріне қарай ма?!» – дедім таңырқап. Сонда Алла елшісі: «Уа, Айша! Сол күнгі жағдайдың қиындығы соншалық – бір-біріне қарау деген олардың ойына да кіріп шықпайды», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6527; Муслим: 7198; Ахмад: 24265).
Басқа бір хадисте: «Уа, Айша! Сол күнгі жағдайдың қиындығынан олардың тіпті бір-біріне қарауға да мұршасы болмайды» – делінген.
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) рассказала: «Однажды я услышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения люди будут собраны на махшаре босыми, нагими и необрезанными”. Тогда я в изумлении спросила: “О Посланник Аллаха! Как же так? Неужели мужчины и женщины соберутся в одном месте и будут смотреть друг на друга?!” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “О Аиша! Положение в тот День будет настолько тяжёлым, что им даже не придёт в голову смотреть друг на друга”» (Аль-Бухари: 6527; Муслим: 7198; Ахмад: 24265).
В другом хадисе говорится: «О Аиша! Из-за тяжести положения в тот День у них не будет возможности даже взглянуть друг на друга».