Хадис

Риядус-салихин, № 402

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
50. Алладан қорқу жайында
Нөмірі
№ 402 (қазақша басылым реті)
402
Риядус-салихин, № 402Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: خطبنا رَسُول اللَّهِ ﷺ خطبة مَا سَمِعْتُ مِثلها قطّ، فَقَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ، لَضحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيتُمْ كَثِيرًا» فَغَطَّى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَجُوهَهُمْ، وَلَهُمْ خَنَينٌ.

وَفِى رِوَايَة: بَلَغَ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَنْ أَصْحَابِهِ شَيْءٌ فَخَطَبَ، فَقَالَ: «عُرِضَتْ عَلَيَّ الْجَنَّةُ وَالنَّارُ، فَلَمْ أرَ كَالْيَوْمِ فِى الْخَيْرِ وَالشَّرِّ، وَلَوْ تَعْلَمونَ مَا أعلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا» فَمَا أَتَى عَلَى أَصْحَابِ رَسُول اللَّهِ ﷺ يَوْمٌ أَشَدُّ مِنْهُ، غَطَّوْا رُؤُسَهُمْ وَلَهُمْ خَنِينٌ.

«الخَنِينُ» بالخاءِ الْمعجمة: هُوَ الْبُكَاءُ مَعَ غُنَّة وانتِشَاقِ الصَّوْتِ مِنَ الْأنْفِ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бізге бір құтба айтты, мен бұрын-соңды ондай құтбаны еш естіген емеспін. Сонда Алла елшісі: «Егер де менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылайтын едіңдер!» – деді. Сонда сахабалар беттерін жауып, еңіреп қоя берді», – деген. (Бұхари: 4621; Муслим; Ахмад: 13009)

Басқа бір риуаятта: Әнәс (р.а.): «Бірде Расулалла сахабалар жайлы жағымсыз хабар естіп, оларды жинап алды да, оларға: «Алла Тағала маған жаннат пен тозақты көрсетті. Сол күнгідей жақсылық пен жамандық атаулыны бұрын-соңды көрген емеспін. Егер менің көріп-білгендерімді білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер», – деп уағыз айтты. Бұған дейін Алла елшісінің сахабаларының басына дәл осындай ауыр күн тумаған еді. Еңселерінің түскендігі соншалық – бастарын бүркеп алып, егіліп жылаумен болды», – деп айтты. (Муслим: 6119)

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ обратился к нам с проповедью, подобной которой я никогда прежде не слышал. Посланник Аллаха сказал: “Если бы вы знали то, что знаю я, то мало смеялись бы и много плакали!” Тогда сподвижники закрыли лица и разрыдались» (Аль-Бухари: 4621; Муслим; Ахмад: 13009).

В другой версии этого хадиса Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ услышал неприятные известия о сподвижниках, собрал их и обратился к ним с проповедью: “Аллах Всевышний показал мне рай и ад. Я никогда прежде не видел столько добра и зла, сколько увидел в тот день. Если бы вы знали то, что знаю я, то мало смеялись бы и много плакали”. До того дня сподвижникам Посланника Аллаха не доводилось переживать столь тяжёлого дня. Они были настолько подавлены, что накрыли головы и горько плакали» (Муслим: 6119).