عَنْ الْمقداد قَالَ: سمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «تُدْنَى الشَّمْسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْخَلْقِ حَتَّى تَكُونَ مِنْهُمْ كَمِقْدَارِ مِيلٍ» قَالَ سُلَيْم بنُ عامِر الراوي عَنْ الْمقداد: فَوَاللَّهِ مَا أدْرِى مَا يعنِى بِالْمِيلِ، أمَسَافَةَ الْأَرْضِ أَمِ الْمِيلَ الَّذِى تُكْتَحَلُ بِهِ الْعَيْنُ؟ قَالَ: «فَيكُونُ النَّاسُ عَلَى قَدْرِ أَعْمَالِهِمْ فِى الْعَرَقِ، فَمِنْهُمْ مَنْ يَكُونُ إِلَى كَعْبَيْهِ، ومنهم من يكون إِلَى ركبتيه، ومنهم مَنْ يَكُونُ إِلَى حِقْوَيْهِ، وَمِنْهُمْ مَنْ يُلْجِمُهُ الْعَرَقُ إِلْجَامًا». قَالَ: وَأَشَارَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بيدهِ إِلَى فِيهِ
Миқдад (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні күн жаратылысқа арада бір «миль»1 қашықтық қалғанға дейін жақындатылады», – деп айтқанын естідім», – деген. Бұл хадисті Миқдадтан жеткізуші Суләйм ибн Амир: «Алланың атымен ант етейін! «Миль» дегенде жер қашықтығы өлшемін бе әлде көзге сүрме жағатын құралды меңзеді ме, ол жағын білмеймін», – деген. (Алла елшісі одан кейінгі сөзінде): «Сонда адамдар (дүниедегі) істеріне қарай терге батады. Кейбірі тобықтарына дейін, кейбірі тізелеріне дейін, ал кейбірі белдеріне дейін терге батады, енді біреулері өз терлеріне ауыздарына дейін батады», – деп қолымен аузын көрсетті», – деген. (Муслим: 7206; Ахмад: 23813)
Микдад (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “В День воскресения солнце приблизят к творениям так, что между ними останется расстояние всего в один ‘миль’1”». Сулейм ибн Амир, передавший этот хадис со слов Микдада, сказал: «Клянусь Аллахом! Я не знаю, подразумевал ли он под словом “миль” меру земного расстояния или палочку для нанесения сурьмы на глаза». Далее Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тогда люди будут погружены в пот сообразно своим делам (совершённым в земной жизни): у одних он будет доходить до щиколоток, у других – до колен, у третьих – до пояса, а некоторые погрузятся в собственный пот до самого рта», – и при этих словах Посланник Аллаха рукой указал на свой рот. (Муслим: 7206; Ахмад: 23813).
- 1Миль – бұрынғы арабтардың өлшемінде көз көрім жерге айтылған, ал шариғат бойынша төрт мың шынтақ жер мөлшеріндегі қашықтық өлшемі.
- 1Миль – мера расстояния, которую древние арабы определяли как расстояние в пределах видимости; в шариате она равна четырём тысячам локтей.