Хадис

Риядус-салихин, № 416

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 416 (қазақша басылым реті)
416
Риядус-салихин, № 416Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ ومعاذ رديفه عَلَى الرَّحْل، قَالَ: «يَا مُعَاذُ» قَالَ: لَبِّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَسَعْدَيْكَ، قَالَ: «يَا مُعَاذُ» قَالَ: لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَسَعْدَيْكَ، قَالَ: «يَا مُعَاذُ» قَالَ: لَبِّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وسَعْدَيْكَ، ثَلَاثًا، قَالَ: «مَا مِنْ عَبْدٍ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ صِدْقًا مِنْ قَلْبِهِ إِلَّا حَرَّمَهُ اللَّه عَلَى النَّار» قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا أخْبِرُ بِهَا النَّاس فَيَسْتَبْشِروا؟ قَالَ: «إِذًا يَتَّكِلُوا» فأخبر بِهَا مُعاذٌ عِنْدَ موتِه تَأثُّمًا

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ Мұғазды түйесіне мінгестіріп алған еді. Жол-жөнекей: «Әй, Мұғаз!» – деп, үш қайтара атын атады. Мұғаз өз кезегінде: «Ләббәйк, уа, Расулалла! Әміріңізге құлдық», – деп, аты аталған сайын елпілдей жауап қатып отырды. Сонда Расулалла: «Алланың қайсыбір пендесі Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі деп кәлима айтып, шын жүректен куәлік етсе, Алла оны тозақ отынан сақтайды», – деп айтты. Бұл қуанышты хабарды естігенде Мұғаз: «Уа, Расулалла! Осы айтқаныңызды адамдарға жеткізіп, оларды сүйіншілесем бола ма?» – деді. Алла елшісі: «Олай ететін болсаң, олар бұл қуанышты хабарға ғана иек артып, босаңсып кетеді», – деді. Мұғаз Пайғамбарымыздың бұл сүйіншісін өлім аузында жатқанда ғана «білгенімді жасырып, күнәһар боламын ба?» – деп қорыққандықтан айтып кеткен еді», – деген (Бұхари: 128; Муслим: 148; Ахмад: 22004).

Орысша аудармасы

Анас ибн Малик (да будет доволен им Аллах) рассказал: «Однажды Пророк ﷺ ехал на верблюде, посадив Муаза позади себя. По дороге он трижды позвал его: “О Муаз!” Каждый раз, услышав своё имя, Муаз с готовностью отвечал: “Ляббайк, о Посланник Аллаха! Я готов исполнить ваше повеление”. Тогда Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если кто-либо из рабов Аллаха произнесёт слова свидетельства веры и от всего сердца засвидетельствует, что нет иного божества, кроме Аллаха, и что Мухаммад – Его раб и посланник, Аллах убережёт его от адского огня”. Услышав эту радостную весть, Муаз спросил: “О Посланник Аллаха! Можно ли мне передать эти ваши слова людям и обрадовать их?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Если ты сделаешь это, они станут уповать лишь на эту радостную весть и проявят нерадение”. Муаз поведал об этой благой вести Пророка ﷺ лишь на смертном одре, опасаясь: “Не стану ли я грешником, если скрою то, что знаю?”» (Аль-Бухари: 128; Муслим: 148; Ахмад: 22004).