عَنْ أَبِى هُرَيْرَة– أَوْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى – شك الراوي – وَلَا يَضُرُّ الشَّكُّ فِى عَين الصَّحَابيّ؛ لأَنَّهُمْ كُلُّهُمْ عُدُولٌ – قَالَ: لَمَّا كَانَ غَزوَةُ تَبُوكَ، أَصَابَ النَّاسَ مَجَاعَةٌ، فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوْ أذِنْتَ لَنَا فَنَحرْنَا نَواضِحَنَا فَأكَلْنَا وَادَّهَنَّا؟ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «افْعَلُوا» فَجاء عُمَرُ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنْ فَعَلْتَ قَلَّ الظَّهْرُ، وَلَكِن ادعُهُمْ بفَضلِ أزْوَادِهِمْ، ثُمَّ ادعُ اللَّه لَهُمْ عَلَيْهَا بِالْبَرَكَةِ، لَعَلَّ اللَّه أَنْ يَجْعَلَ فِى ذَلِكَ الْبَرَكَةَ. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ» فَدَعَا بِنَطْع فَبَسَطَهُ، ثُمَّ دَعَا بِفضلِ أزْوَادِهِمْ، فَجَعَلَ الرَّجُلُ يَجيءُ بكَفّ ذُرَة وَيَجيءُ بِكَفّ تمر وَيجيءُ الآخرُ بِكِسرَة حَتَّى اجْتَمَعَ عَلَى النّطعِ مِنْ ذَلِكَ شَيْء يَسيرٌ، فَدَعَا رَسُول اللَّهِ ﷺ بِالْبَرَكَةِ، ثُمَّ قَالَ: «خُذُوا فِى أوعِيَتِكُمْ» فَأَخَذُوا فِى أوْعِيَتهم حَتَّى مَا تَرَكُوا فِى الْعَسْكَرِ وِعَاء إِلَّا مَلأوهُ وَأَكَلُوا حَتَّى شَبعُوا وَفَضَلَ فَضْلَةٌ فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأنّي رَسُولُ اللَّهِ، لَا يَلْقَى اللَّه بِهِمَا عَبْدٌ غَيْرَ شَاكٍّ فَيُحْجَبَ عَنِ الْجَنَّةِ»
Әбу Һурайрадан немесе Әбу Сағид әл-Худриден1 (р.а.) жеткен хадисте ол: «Тәбук ғазауаты кезінде адамдар аштыққа ұшырап, Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Расулалла! Бізге түйелерімізді союға рұқсат етсеңіз, ет жеп, маймен сыланайық», – деп өтінді. Сонда Алла елшісі: «Онда солай істеңдер», – деді. Сол кезде Омар (р.а.) келіп: «Уа, Расулалла! Өйтсеңіз, мініс көлік азаяды ғой, одан да оларды қалған-құтқан азықтарымен дәргейіңізге шақырып, содан соң олар үшін азықтарына Алладан береке тілеп, дұға жасасаңыз. Бәлкім, Алла олардың қалған азықтарын берекелі қылар!» – деді. Алла елшісі (Омардың ұсынысын қабыл алып): «Жарайды», – деді де, бірден тері төсеніш алдырып, оны жерге төседі, содан соң ел-жұртқа қалған-құтқан жол азықтарын әкелуді бұйырды. Содан біреу бір уыс жүгері, басқа біреу бір уыс құрма, тағы біреу бір үзім нан әкелді..., ақырында тері төсенішке азын-аулақ азық жиналды. Сөйтіп Алла елшісі азын-аулақ азыққа береке тілеп, дұға жасады да: «Бұларды ыдыстарыңа бөліп салып алыңдар!» – деді. Жауынгерлер азықты ыдыстарына үлестіріп салғанда, лықа толмаған бірде-бір ыдыс қалдырмады. Онымен қоса әлгі азықтан барлығы тойғанша жеді, сонда да біраз азық артылып қалды. (Мұны көрген) Алла елшісі: «Алладан басқа құдай жоқ екеніне және өзімнің Алланың елшісі екеніме куә боламын! Міне, осынау қос куәлікке ешбір күмән келтірместен Аллаға жолыққан пенде жаннаттан қақпайланбайды», – деп айтты», – деген (Муслим: 139; Ахмад: 11080).
Абу Хурайра или Абу Саид аль-Худри1 (да будет доволен им Аллах) передал: «Во время похода на Табук люди стали страдать от голода и обратились к Посланнику Аллаха ﷺ с просьбой: “О Посланник Аллаха! Если бы ты позволил нам заколоть наших верблюдов, мы поели бы мяса и умастились жиром”. Посланник Аллаха сказал: “Так и сделайте”. В это время пришёл Умар (да будет доволен им Аллах) и сказал: “О Посланник Аллаха! Если ты позволишь им это сделать, у нас станет меньше верховых животных. Лучше вели им принести к тебе остатки своих припасов, а затем обратись к Аллаху с мольбой, прося благословить их пищу. Быть может, Аллах дарует благодать их оставшимся припасам!”
Посланник Аллаха (приняв предложение Умара) сказал: “Хорошо”, – затем велел тотчас принести кожаную подстилку и расстелить её на земле, после чего приказал людям принести остатки своих дорожных припасов. Один принёс горсть кукурузы, другой – горсть фиников, третий – кусок хлеба... В конце концов на кожаной подстилке собралось небольшое количество еды.
Тогда Посланник Аллаха обратился к Аллаху с мольбой о благодати для этой пищи, а затем сказал: “Разложите её по своим сосудам!” Воины стали раскладывать пищу по сосудам, и не осталось ни одного сосуда, не наполненного доверху. Кроме того, все наелись досыта, но и после этого часть еды ещё осталась. Увидев это, Посланник Аллаха сказал: “Свидетельствую, что нет божества, кроме Аллаха, и что я – Посланник Аллаха! Всякий раб, который встретит Аллаха с этими двумя свидетельствами, нисколько в них не сомневаясь, не будет лишён рая”» (Муслим: 139; Ахмад: 11080).
- 1Хадисті жеткізуші рауи мұнда екі ойлы болған, дегенмен сахабалардың есіміне қатысты екі ойлы болу хадистің сенімділігіне нұқсан келтірмейді, өйткені сахабалардың барлығы дерлік сенімді саналады.
- 1Передатчик хадиса сомневался, кто из двух сподвижников передал эти слова. Однако сомнение в имени сподвижника не вредит достоверности хадиса, поскольку практически все сподвижники считаются надёжными передатчиками.