عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ أَنَّ رَجُلًا أَصَابَ مِن امْرَأَة قُبْلَةً، فَأتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأخْبَرَهُ، فَأنْزَلَ اللَّه تَعَالَى: «وَأَقِمِ الصَّلَاةَ طَرَفَيِ النَّهَارِ وَزُلَفًا مِنَ اللَّيْلِ إِنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيِّئَات» [هود: 114] فَقَالَ الرجل: أَليَ هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «لجميعِ أُمَّتِى كُلِّهِمْ»
Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде әлдебір адам нәпсіге беріліп, өзі ұнатқан әйелді сүйіп қояды. Соңынан істеген ісіне өкініп, дереу Пайғамбарымызға ﷺ барып, болған жайды айтып береді. Сонда Алла Тағала: «Күндіздің басы мен соңында (таң және екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақытында (ақшам және құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды»1 деген аятты түсірді. Әлгі адам бұл аятты естігенде: «Уа, Расулалла! Бұл үкім тек қана маған қатысты айтылған ба?» – деп сұрады. Сонда Расулалла оған: «Үмбетімнің барлығына қатысты», – деп жауап қатты», – деген. (Бұхари: 526; Муслим: 7001; Ахмад: 3653)
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды некий человек, поддавшись страсти, поцеловал женщину, которая ему нравилась. Затем, раскаявшись в содеянном, он тотчас пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Тогда Аллах Всевышний ниспослал аят: “Совершай молитвы в начале и в конце дня (утреннюю и послеполуденную), а также в близкие ко дню часы ночи (вечернюю и ночную). Поистине, добрые дела стирают дурные поступки (то есть малые грехи)”1. Услышав этот аят, тот человек спросил: “О Посланник Аллаха! Это предписание касается только меня?” Посланник Аллаха ﷺ ответил ему: “Оно относится ко всей моей общине”» (Аль-Бухари: 526; Муслим: 7001; Ахмад: 3653).
- 1«Һуд» сүресі, 114-аят
- 1Сура «Худ», аят 114.