Хадис

Риядус-салихин, № 436

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
51. Алланың мейірімінен үміт үзбеу
Нөмірі
№ 436 (қазақша басылым реті)
436
Риядус-салихин, № 436Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: جاء رجل إِلَى النَّبِيّ ﷺ فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَصَبْتُ حَدًّا، فَأَقِمْهُ عَلَيَّ، وَحَضَرَتِ الصَّلَاةُ، فَصَلَّى مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَمَّا قَضَى الصَّلَاةَ، قَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّى أصَبْتُ حَدًّا فَأقِمْ فيَّ كِتَابَ اللَّه. قَالَ: «هَلْ حَضَرْتَ مَعَنَا الصَّلَاةَ»؟ قَالَ: نَعَمْ. قَالَ: «قَدْ غُفِرَ لَكَ» مُتَّفَقٌ عَلَيْهِ.

وقوله: «أصَبْتُ حَدًّا» مَعنَاهُ: مَعْصِيَةً تُوجِبُ التَّعْزيرَ، وَلَيْسَ الْمُرَادُ الْحدّ الشَّرعيَّ الْحَقِيقيَّ كَحَدِّ الزِّنَا وَالخمر وَغَيرِهِمَا، فَإِنَّ هَذِهِ الْحُدودَ لَا تَسْقُطُ بالصَّلَاةِ، وَلَا يَجُوزُ لِلْإِمَامِ تَرْكُهَا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға ﷺ бір кісі келіп: «Уа, Расулалла! Хад жазасына лайық күнә жасадым, мені лайықты жазаға тартыңыз!» – деді. Сол кезде намаз уақыты кіріп, әлгі кісі Алла елшісімен бірге намаз оқыды. Намазын оқып болған соң тағы да: «Уа, Расулалла! Расында, мен хад жазасына лайық күнә жасадым, маған Алланың кітабындағы үкімді орындаңыз!» – деді. Алла елшісі оған: «Сен (қазір ғана) бізбен бірге намаз оқыдың ба?» – дегенде, ол: «Иә», – деді. Сонда Пайғамбарымыз: «Сенің күнәң сөзсіз кешірілді», – деп айтты», – деген. (Бұхари: 6823; Муслим: 7006)

Бұл хадисте әлгі кісінің «хад жазасына лайық күнә жасадым» дегені – зина, арақ-шарап ішу сынды және т.с.с. нағыз шариғи хад жазасын міндетті қылатын күнә емес, тек қатаң сөгіс пен айыптауды міндетті қылатын күнәні білдіреді. Өйткені хад жазасын міндетті қылатын күналар намаз оқумен адамның мойнынан түспейді және басшының немесе қазының ондай күнәларды жазасыз қалдыруына жол берілмейді.

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды к Пророку ﷺ пришёл человек и сказал: “О Посланник Аллаха! Я совершил грех, за который полагается наказание хадд. Подвергните меня надлежащему наказанию!” В это время наступил час молитвы, и тот человек совершил её вместе с Посланником Аллаха ﷺ. Закончив молитву, он вновь сказал: “О Посланник Аллаха! Поистине, я совершил грех, за который полагается наказание хадд. Приведите в исполнение надо мной предписание Книги Аллаха!” Посланник Аллаха ﷺ спросил его: “Ты (только что) совершил молитву вместе с нами?” Тот ответил: “Да”. Тогда Пророк ﷺ сказал: “Твой грех, несомненно, прощён”» (Аль-Бухари: 6823; Муслим: 7006).

В этом хадисе слова того человека: «Я совершил грех, за который полагается наказание хадд» – означают не прелюбодеяние, употребление спиртного и тому подобные грехи, за которые шариат действительно предусматривает обязательное наказание хадд, а лишь проступок, требующий строгого выговора и порицания. Ведь совершение молитвы не освобождает человека от наказания хадд за такие грехи, а правителю или кади не дозволено оставлять их без наказания.