Хадис

Риядус-салихин, № 489

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 489 (қазақша басылым реті)
489
Риядус-салихин, № 489

عَنِ ابْنِ عَبَّاس وعِمْرَانَ بْنِ الْحُصَيْنِ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اطَّلَعْتُ فِى الْجَنَّةِ فَرَأَيْتُ أَكْثَرَ أَهْلِهَا الْفُقَرَاءَ، وَاطَّلَعْتُ فِى النَّارِ فَرَأَيْتُ أَكْثَرَ أَهْلِهَا النِّسَاءَ»

ورواه الْبخارِى أيضًا من رواية عِمْرَان بْنِ الْحُصَيْن

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас және Имран ибн әл-Хусайн (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннаттың ішіне назар салдым, сонда жаннаттықтардың дені пақыр-міскіндер екенін көрдім. Сондай-ақ тозақтың ішіне назар салдым, сонда тозақтықтардың дені әйелдер екенін көрдім»,– деп айтты», – деген. (Бұхари: 6449; Муслим: 2738; Ахмад: 2086)

Имам Бұхари осы хадисті Имран ибн әл-Хусайннан да риуаят еткен.

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Аббасом и Имраном ибн аль-Хусайном (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Я заглянул в рай и увидел, что большинство его обитателей составляют бедняки и неимущие. Затем я заглянул в ад и увидел, что большинство его обитателей составляют женщины» (Аль-Бухари: 6449; Муслим: 2738; Ахмад: 2086).

Имам аль-Бухари также передал этот хадис со слов Имрана ибн аль-Хусайна.

Түсіндірме (қазақша)

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және истиғфарды көп айтыңдар! Өйткені мен тозақтықтардың дені әйелдер болатынын көрдім», – дейді. Сонда сондағы әйелдерден бір ділмар әйел: «Уа, Расулалла, не себепті тозақылардың дені біз боламыз?» – деп сұрағанда, оған: «Өйткені сендер қарғысты көп айтасыңдар және жұбайларыңның жасаған жақсылықтарын жоққа шығарасыңдар», – деп айтқан, – делінген.

Әйелдің жұйбайынан көрген бүкіл жақсылықтарын одан көрген бір-екі жамандыққа бола жоққа шығаруы дінде куфр ән-ниғмә (нығметке күпірлік қылу) деп аталады. Өйткені әйелдің күйеуінен көрген әрбір жақсылығы түптің-түбінде Алладан келген жақсылық екені сөзсіз. Олай болса, әйелдің бір сәттік сезімге беріліп, күйеуінен көрген жақсылықтарын жаппай жоққа шығаруы, түптің-түбінде Алланың оған күйеуі арқылы берген нығметтерін жоққа шығару деген сөз...

Түсіндірме (орысша)

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен ими обоими Аллах), сообщается: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “О женщины! Раздавайте милостыню и чаще просите Аллаха о прощении! Поистине, я увидел, что большинство обитателей ада составят женщины”. Тогда одна красноречивая женщина спросила: “О Посланник Аллаха! Почему именно мы составим большинство обитателей ада?” Он ответил: “Потому что вы часто проклинаете и отрицаете добро, сделанное вам вашими мужьями”».

Когда женщина из-за одного-двух дурных поступков своего мужа отрицает всё добро, которое видела от него, это в религии называется «куфр ан-ни‘ма» (неблагодарностью за дарованные блага). Ведь всякое добро, которое женщина получает от мужа, в конечном счёте, несомненно, является благом, дарованным Аллахом. Следовательно, если женщина, поддавшись мимолётному чувству, начинает отрицать всё добро, которое видела от мужа, то в конечном счёте это означает отрицание благ, дарованных ей Аллахом через её мужа…