Хадис

Риядус-салихин, № 490

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
55. Дүниеге құмартпай, қанағатпен өмір сүру
Нөмірі
№ 490 (қазақша басылым реті)
490
Риядус-салихин, № 490Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд (р.а.)

عَنْ أسامة بْنِ زيد، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قُمْتُ عَلَى بَابِ الْجَنَّةِ، فَكَانَ عَامَّةُ مَنْ دَخَلَهَا الْمَسَاكِينُ، وَأَصْحَابُ الْجَدِّ مَحبُوسُونَ، غَيْرَ أَنَّ أَصْحَابِ النَّارِ قَدْ أُمِرَ بِهِم إِلَى النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Усама (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жаннаттың қақпасының алдында тұрдым, сонда оған кіргендердің басым көпшілігі (дүниеде жоқшылық сынағына төзе білген) міскіндер болды. Ал байлық пен мол несібеге ие болғандар (есепке тартылу үшін) тұтылып жатты. Олардың арасынан (күпірліктері мен күнәлары себепті) азапқа лайық болғандарды жаһаннамға (тастауға) бұйрық берілді», – деген (Бұхари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).

Орысша аудармасы

Усама (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Я стоял у врат рая и увидел, что подавляющее большинство вошедших туда составляли неимущие (которые в земной жизни стойко перенесли испытание нуждой). Те же, кто обладал богатством и обильным уделом, были задержаны (для расчёта). А тех из них, кто заслужил наказание (из-за неверия и грехов), было велено (бросить) в ад» (Аль-Бухари: 5196; Муслим: 6937; Ахмад: 21782).