وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَصَدَّقَ بعَدلِ تَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ، وَلَا يَقْبَلُ اللَّهُ إِلَّا الطَّيبَ، فَإِنَّ اللَّهَ يَقْبَلُهَا بِيَمِينِهِ، ثُمَّ يُرَبِّيهَا لِصَاحِبِهَا كَمَا يُرَبِّى أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ»
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Шынында, Алла адал садақаны ғана қабыл алады. Кімде-кім адал табысынан бір ғана құрманың бағасындай мөлшерде садақа берсе, Алла ол садақаны «оң қолымен» (яғни, мол сауап жазып, міндетті түрде) қабыл алады. Содан соң, қайсыбіріңнің мініс тайын баптап өсіргені секілді, Алла Тағала да адал садақаның берекесін арттырып, берген адам үшін таудай сауапқа айналдырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1410; Муслим: 2342; Ахмад: 8381).
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах принимает лишь дозволенную милостыню. Если кто-либо подаст из дозволенного заработка милостыню в размере стоимости всего одного финика, Аллах примет её “Своей правой рукой” (то есть непременно примет её и запишет за неё великую награду). Затем, подобно тому как кто-либо из вас заботливо выращивает жеребёнка, предназначенного для верховой езды, Аллах Всевышний приумножит благодать этой дозволенной милостыни и превратит её для подавшего в награду величиной с гору» (Аль-Бухари: 1410; Муслим: 2342; Ахмад: 8381).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі Алла садақаны «оң қолымен» қабыл алады, дегенді тілдік тура мағынада емес, ауыспалы мағынада түсінгеніміз жөн. Өйткені Құранда және хадистерде Аллаға телініп келген, тура мағынасы белгілі бір ағзаны, мекен мен тарапты немесе іс-қимылды білдіретін «қол», «аяқ пен балтыр», «жүз», «көз», «Аршыға истиуа ету», «келу», «түсу», «жылдам жүру» сынды мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыз тілдік тура мағынада түсінуге болмайтын, белгілі қағидалар, сондай-ақ аят пен хадистің контексті негізінде ғана пайымдалатын, ақиқатын бір Аллаға ғана білетін мүтәшәбиһ сифаттарға жатқызған. Себебі мұндай сөздердің тура мағынасынан дене болу, белгілі бір мекенде болу, бір жерден басқа бір жерге ауысу сынды жаратылысқа тән сипаттар мен мағыналар шығады. Алланың еш нәрсеге ұқсамайтындығы, жаратылысқа тән сипаттардың ешбірі Оған тән емес екендігі Құранда анық айтылған. Қараңыз: Шура сүресі, 11-аят; Ықылас сүресі, 4-аят; Нахыл сүресі, 74-аят..., сондықтан да, мұндай Құран мен хадистерде келген мүтәшәбиһ сөздерді ғалымдарымыздың ғылыми, тілдік және контекстік тәпсірлері мен түсіндірмелері негізінде түсінгеніміз жөн.
Түсіндірме (орысша)
Слова хадиса о том, что Аллах принимает милостыню «Своей правой рукой», следует понимать не в их буквальном языковом, а в переносном значении.
Наши учёные относят к муташабих-атрибутам встречающиеся в Коране и хадисах и относимые к Аллаху муташабих-выражения: «рука», «нога и голень», «лик», «глаз», «истива над Аршем», «пришествие», «нисхождение», «быстрая ходьба» и подобные им. Их буквальное значение указывает на определённый орган, место, направление либо действие или движение.
Их нельзя понимать в прямом языковом значении: осмысливать их следует лишь на основе установленных принципов и контекста соответствующего аята или хадиса, тогда как их истинная сущность известна одному Аллаху.
Причина заключается в том, что из буквального смысла таких слов следуют телесность, пребывание в определённом месте, перемещение из одного места в другое и иные качества и значения, присущие творениям. В Коране ясно сказано, что Аллах не подобен ничему и что ни одно из присущих творениям качеств Ему не свойственно. См.: сура «Аш-Шура», аят 11; сура «Аль-Ихляс», аят 4; сура «Ан-Нахль», аят 74...
Поэтому подобные муташабих-выражения, встречающиеся в Коране и хадисах, следует понимать на основе научных, лингвистических и контекстуальных толкований и разъяснений наших учёных.