Хадис

Риядус-салихин, № 563

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
60. Жомарт, кеңпейіл болу және Аллаға тәуекел етіп, негізгі қажеттіліктен артылған дүниені ізгі жолда жұмсау жайында
Нөмірі
№ 563 (қазақша басылым реті)
563
Риядус-салихин, № 563Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ، قَالَ: «بَيْنَمَا رَجُلٌ يَمْشِى بِفَلَاةٍ مِنَ الْأَرْضِ، فَسَمِعَ صَوْتًا فِى سَحَابَةٍ، اسقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ، فَتَنَحَّى ذَلِكَ السَّحَابُ فَأفْرَغَ مَاءهُ فِى حَرَّةٍ، فإِذَا شَرْجَةٌ مِنْ تِلْكَ الشِّرَاجِ قَدِ اسْتَوْعَبَت ذَلِكَ الْماءَ كُلَّهُ، فَتَتَبَّعَ الْمَاءَ، فإِذَا رَجُلٌ قَائمٌ فِى حَدِيقَتِهِ يُحَوِّلُ الْماءَ بِمسحَاتِهِ، فَقَالَ لَهُ: يَا عَبْدَ اللَّهِ، ما اسمُكَ؟ قَالَ: فُلَانٌ للاسم الذي سَمِعَ فِى السَّحابةِ، فَقَالَ له: يَا عبدَ اللَّه، لِمَ تَسْألُنِى عَنِ اسْمِى؟ فَقَالَ: إِنِّى سَمِعْتُ صَوتًْا فِى السَّحابِ الَّذِى هَذَا مَاؤُهُ، يَقُولُ: اسْقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ لاسمِكَ، فَمَا تَصْنَعُ فِيهَا، فَقَالَ: أمَا إِذ قلتَ هَذَا، فَإِنِّى أنْظُرُ إِلَى مَا يَخْرُجُ مِنْهَا، فَأتَصَدَّقُ بِثُلُثِهِ، وَآكُلُ أَنَا وَعِيَالِى ثُلُثًا، وَأردُّ فِيهَا ثُلُثَهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Бірде біреу шөл далада келе жатып, бұлттың ішінен шыққан «пәленшенің бақшасын суғар» – деген дауысты естиді. Сол-ақ екен, әлгі бұлт жылжығаннан жылжып, тастақ жерге нөсерлетіп қоя береді. Барып қараса, жауынның суы жүлге қуалап, әлдеқайда ағып барады екен. Жолаушы судың ағысын бойлап келе жатып, кенет ағып келген суды күрегімен жан-жаққа бұрып, бақшасын суғарып жатқан бағбанды көреді. Сөйтіп, ол бағбанға жақындап келіп: «Ей, Алланың пендесі! Сенің атың кім?» – деп сұрайды. Бағбан оған: «Есімім пәленше», – деп бұлттан естілген атты айтып, жолаушының өзінен: «Ей, Алланың пендесі! Менің есімімді неге сұрадың?» – дейді. Сонда жолаушы оған: «Жол-жөнекей келе жатып мына суды нөсерлетіп төгіп кеткен бұлттың ішінен сенің атыңды атап, «пәленшенің бақшасын суғар» – деген тылсым дауысты естідім. Сен осындай құрметке бөленетіндей соншалықты не істеп жүрсің? Соны білгім келеді», – дейді. Бағбан: «Сұраған екенсің, ендеше айтайын. Шыққан жеміске қарап, үштен бірін мұқтаждарға садақа ретінде беріп, үштен бірін өзіме және бала-шағама қалдырып, қалған үштен бірін тұқымдық ретінде пайдаланамын», – деп жауап береді», – деген (Муслим: 7473; Ахмад: 7941).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Однажды один человек шёл по пустыне и вдруг услышал голос, доносившийся из облака: “Полей сад такого-то!” Тотчас облако двинулось дальше и пролилось сильным дождём над каменистой землёй. Подойдя ближе, путник увидел, что дождевая вода, собравшись в русле, устремилась вдаль. Он пошёл вдоль потока и вдруг увидел садовника, который лопатой направлял прибывающую воду в разные стороны, орошая свой сад. Путник подошёл к нему и спросил: “О раб Аллаха! Как тебя зовут?” Садовник назвал то самое имя, которое прозвучало из облака, а затем спросил: “О раб Аллаха! Почему ты спрашиваешь моё имя?” Путник ответил: “По дороге я услышал таинственный голос из облака, пролившего этот дождь. Он назвал твоё имя и сказал: ‘Полей сад такого-то!’ Мне хотелось бы узнать, что же ты делаешь, чтобы удостоиться такой чести?” Садовник сказал: “Раз уж ты спросил, я отвечу. Собрав урожай, я отдаю треть нуждающимся в качестве милостыни, треть оставляю себе и своим детям, а оставшуюся треть использую на семена и нужды сада”» (Муслим: 7473; Ахмад: 7941).