Хадис

Риядус-салихин, № 609

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
71. Мүміндерге кішіпейіл болу
Нөмірі
№ 609 (қазақша басылым реті)
609
Риядус-салихин, № 609Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ إِذَا أكَلَ طَعَامًا، لَعِقَ أَصَابِعَهُ الثَّلَاثَ. قَالَ: وَقَالَ: «إِذَا سَقَطَتْ لُقْمَةُ أَحَدِكُمْ فَلْيُمِط عَنْهَا الْأَذى، وليَأكُلْها وَلَا يَدَعْها لِلشَّيْطان» وأمرَ أن تُسلَتَ الْقَصْعَةُ، قَالَ: «فَإِنَّكُمْ لَا تَدْرُونَ فِى أيِّ طَعَامِكُمُ الْبَرَكَة»

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте, Алла елшісінің ﷺ тамақтанғаннан кейін үш саусағын (әдеппен) жалайтындығы жайлы айтылады. (Әнәс (р.а.)) былай деген: «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Егер қайсыбіріңнің (тамағынан) бір үзім ас түсіп қалса, оны алып, ондағы кірді кетірсін де, жеп қойсын. Оны шайтанға қалдырмасын», – деді. Сосын ыдысты (нанмен) сүртіп (жеп қоюды) бұйырып: «Шынында алдыларыңдағы астың қай жерінде береке бар екенін білмейсіңдер ғой», – деді» (Муслим: 5306; Ахмад: 14089).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что после еды Посланник Аллаха ﷺ облизывал три пальца (соблюдая при этом этикет). Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если у кого-нибудь из вас упадёт кусок (пищи), пусть он поднимет его, очистит от грязи и съест. И пусть не оставляет его шайтану”. Затем он велел вытереть блюдо (кусочком хлеба, чтобы съесть оставшуюся на нём пищу) и сказал: “Поистине, вы ведь не знаете, в какой части лежащей перед вами пищи заключена благодать”» (Муслим: 5306; Ахмад: 14089).