Хадис

Риядус-салихин, № 610

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
71. Мүміндерге кішіпейіл болу
Нөмірі
№ 610 (қазақша басылым реті)
610
Риядус-салихин, № 610Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّه نَبِيًّا إِلَّا رَعَى الْغَنَمَ» قَالَ أَصْحَابُهُ: وَأَنْتَ؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، كُنْتُ أرْعَاهَا عَلَى قَرَارِيطَ لأَهْلِ مَكَّةَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздан ﷺ: «Алла жіберген әрбір пайғамбары міндетті түрде қой баққан», – дегенде, сахабалары: «Сізде ме?» – деп сұрады. Сонда ол: «Иә, мен де бір кездері бірнеше қараттық1 ақыға Меккеліктердің қойларын баққан едім», – деп жауап қатты», – деген (Бұхари: 2262).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Пророк ﷺ сказал: “Каждый пророк, которого посылал Аллах, непременно пас овец”. Сподвижники спросили: “И вы тоже?” Он ответил: “Да, когда-то и я пас овец мекканцев за плату в несколько киратов1”» (Аль-Бухари: 2262).

  1. 1Динар деп аталатын алтын ақшаның жиырмадан бір бөлігі.
  1. 1Одна двадцатая часть золотой монеты, называемой динаром.