Хадис

Риядус-салихин, № 611

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
71. Мүміндерге кішіпейіл болу
Нөмірі
№ 611 (қазақша басылым реті)
611
Риядус-салихин, № 611Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «لَوْ دُعِيتُ إِلَى كُراعٍ أَوْ ذِرَاعٍ لأَجَبْتُ، ولو أُهْدِيَ إِلَيَّ ذراعٌ أَوْ كُراعٌ لَقَبِلْتُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан ﷺ: «Егер мені сирақ асып шақырса да, қол етін асып шақырса да, шақырған жерге барамын. Сондай-ақ егер маған қол еті тартылса да, сирақ тартылса да, қабыл аламын», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2568; Ахмад: 10212).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если меня пригласят на угощение, пусть даже подадут лишь голяшку или мясо с передней ноги, я непременно приму приглашение. И если мне преподнесут в дар мясо с передней ноги или голяшку, я приму этот подарок» (Аль-Бухари: 2568; Ахмад: 10212).

Түсіндірме (қазақша)

Арабтарда «Құлға сирақ берсең, сенен қол етін сұрайды» деген мақал бар. Арабтар сыйлы қонағына қол етін тартатын болған. Алла елшісі ﷺ бұл хадисі арқылы қонаққа шақырған бай да болса, кедей де болса, меселін қайтармай шақырған жерге бару керектігін және аз да болса, шын көңілмен сыйға тартылған дүниені кері қайтармау керектігін білдірген. Әрине, бұдан біз Пайғамбарымыздың өте кішіпейіл болғанын көреміз.

Түсіндірме (орысша)

У арабов есть пословица: «Дашь рабу голяшку – он попросит у тебя мясо с передней ноги». Почётным гостям арабы обычно подавали мясо с передней ноги. Этим хадисом Посланник Аллаха ﷺ дал понять, что следует принимать приглашение, не отвергая его, независимо от того, богат пригласивший или беден, а также не отказываться от искренне преподнесённого дара, каким бы малым он ни был. Всё это, несомненно, свидетельствует о великой скромности нашего Пророка ﷺ.