Хадис

Көркем мінез жайында

О благонравии

Риядус-салихин, 73-тақырып · 11 хадис · № 622–632

Хадистер

«وَإِنَّكَ لَعَلَى خُلُقٍ عَظِيمٍ» «Сен – теңдессіз ұлы көркем мінезге иесің!». («Қалам», 4-аят).

«وَالكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالعَافِينَ عَنِ النَّاسِ» «...ашуын жеңе білгендер және адамдарға кешірімді болғандар....» («Әли Имран» сүресі, 134-аят).

«Поистине, ты обладаешь несравненно великим и прекрасным нравом» (сура «Калам», 68:4).

«Кто усмиряет свой гнев и прощает людей» (сура «Али Имран», 3:134).

622
Риядус-салихин, № 622Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَحْسَنَ النَّاس خُلُقًا

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісі ﷺ мінез-құлық тұрғысынан адамдардың ең жақсысы еді», – деген (Бұхари: 6203; Муслим: 1500; Ахмад: 12494).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ был лучшим из людей по своему нраву» (Аль-Бухари: 6203; Муслим: 1500; Ахмад: 12494).

623
Риядус-салихин, № 623Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: مَا مَسِسْتُ دِيبَاجًا وَلَا حَرِيرًا أَلْيَنَ مِنْ كَفِّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَا شَمَمْتُ رَائِحَةً قَطُّ أَطْيَبَ مِنْ رَائِحَةِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَقَدْ خَدمتُ رَسُول اللَّهِ ﷺ عَشْرَ سنِينَ، فَمَا قَالَ لِى قَطُّ: أُفٍّ، وَلَا قَالَ لِشَيْءٍ فَعَلْتُهُ: لِمَ فَعَلْتَه؟ وَلَا لشَيْءٍ لَمْ أَفعَله: أَلَا فَعَلْتَ كَذَا؟

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ алақаны дүриядан да, жібектен де жұмсақ болатын. Сондай-ақ оның үстінен аңқыған хош иістей иісті кезіктірмедім. Алла елшісіне он жыл қызмет еттім. Маған бір рет те «түһ» (сенен шаршадым) деп көрген емес. Әрі қандай да бір ісіме мін тағып, «неге олай істедің?» немесе бір істі істемесем, «неге былай істемедің?» деп өмірі бір кейіген емес», – деп айтты (Бұхари: 3561; Муслим: 6053; Ахмад: 13374).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Ладонь Посланника Аллаха ﷺ была мягче парчи и шёлка. Я никогда не встречал аромата, подобного благоуханию, исходившему от него. Я служил Посланнику Аллаха ﷺ десять лет, и за всё это время он ни разу не сказал мне: “Уф!” (то есть: “Я устал от тебя”). Он никогда не упрекал меня за сделанное словами: “Почему ты поступил так?” – и, если я чего-либо не делал, никогда не выражал недовольства, спрашивая: “Почему ты не сделал этого?”» (Аль-Бухари: 3561; Муслим: 6053; Ахмад: 13374).

624
Риядус-салихин, № 624Риуаят етуші: Сағб ибн Жәссама (р.а.)

عَنْ الصعب بْنِ جَثَّامَةَ قَالَ: أهديتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ حِمَارًا وَحْشِيًّا، فَرَدَّهُ عَلَيَّ، فَلَمَّا رَأَى مَا فِى وَجهي، قَالَ: «إِنَّا لَمْ نَرُدَّهُ عَلَيْكَ إِلَّا لأَنَّا حُرُمٌ»

Қазақша аудармасы

Сағб ибн Жәссәмә (р.а.): «Бірде Алла елшісіне ﷺ құлан сыйлап едім, ол оны қабыл алмастан өзіме қайтарып берді. Содан жүзімнен (ренжігенімді) байқап: «Шынында, біз оны ихрамда болғанымыз үшін ғана қайтардық», – деді», – деген (Бұхари: 1825; Муслим: 2845; Ахмад: 16422).

Орысша аудармасы

Сааб ибн Джассама (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я подарил Посланнику Аллаха ﷺ кулана, но он не принял подарок и вернул его мне. Заметив по моему лицу, что я огорчился, он сказал: “Поистине, мы вернули его лишь потому, что пребываем в состоянии ихрама”» (Аль-Бухари: 1825; Муслим: 2845; Ахмад: 16422).

625
Риядус-салихин, № 625

عَنْ النَّوَاس بْنِ سمعان قَالَ: سَأَلتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنْ الْبِرِّ وَالإِثم، فَقَالَ: «البِرُّ: حُسنُ الْخُلقِ، وَالإِثمُ: مَا حَاك فِى صَدرِك، وَكَرِهْتَ أَن يَطَّلِعَ عَلَيْهِ النَّاسُ»

Қазақша аудармасы

Нәууәс ибн Сәмған (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла ﷺ: «Ізгілік деген – көркем мінез. Ал күнә – жан-дүниеңді мазалаған әрі ел-жұрт білмесе екен деген ісің», – деп айтты» – делінген. (Муслим: 6512; Ахмад: 17631).

Орысша аудармасы

Ан-Наввас ибн Саман (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Благочестие – это прекрасный нрав. А грех – то, что тревожит твою душу и о чём ты не хотел бы, чтобы узнали люди» (Муслим: 6512; Ахмад: 17631).

626
Риядус-салихин, № 626Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: لَمْ يَكن رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَاحِشًا وَلَا مُتَفَحِّشًا، وَكَانَ يَقُولُ: «إِنَّ مِنْ خِيَارِكُمْ أَحْسَنَكُمْ أَخْلَاقًا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ дөрекі1 де, дөкір2 де емес еді. Ол: «Расында, ең жақсыларың – мінезі ең көркем болғандарың», – деп айтатын еді», – деген (Бұхари: 3559; Муслим: 6033; Ахмад: 10106).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ не был ни непристойным1, ни грубым2. Он говорил: “Поистине, лучшие из вас – те, кто обладает наилучшим нравом”» (Аль-Бухари: 3559; Муслим: 6033; Ахмад: 10106).

  1. 1Сөздері мен іс-әрекеттері сорақы, бейпіл ауыз адам.
  2. 2Табиғатынан өрескелдік пен дөрекілікке бейім адам.
  1. 1Человек, в словах и поступках которого проявляются непристойность и сквернословие.
  2. 2Человек, от природы склонный к резкости и грубости.
627
Риядус-салихин, № 627Риуаят етуші: Әбу Дәрда (р.а.)

عَنْ أَبِى الدردَاءِ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ شَيْءٍ أَثْقَلُ فِى مِيزَانِ الْعَبدِ الْمُؤْمِنِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ حُسْنِ الْخُلُقِ، وَإِنَّ اللَّهَ يُبْغِضُ الْفَاحِشَ الْبَذِيَّ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): «Пайғамбарымыздан ﷺ: «Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын еш нәрсе болмайды. Расында, Алла бейпіл ауыз дөрекіні жек көреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2002).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ сказал: “В День воскресения на весах верующего не окажется ничего тяжелее благонравия. Поистине, Аллах ненавидит грубого сквернослова”» (Ат-Тирмизи: 2002).

628
Риядус-салихин, № 628Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَكثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ الْجَنَّةَ؟ قَالَ: «تَقْوَى اللَّهِ وَحُسنُ الْخُلُقِ»، وَسُئِلَ عَنْ أَكْثَرِ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ النَّارَ، فَقَالَ: «الْفَمُ وَالْفَرْجُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісінен ﷺ адамдардың жаннатқа кіруіне ең көп сеп болатын не нәрсе деп сұрағанда, ол: «Алла алдындағы тақуалық және көркем мінез», – деді. Һәм одан адамдардың тозаққа түсуіне ең көп сеп болатын не нәрсе деп сұрағанда, ол: «Ауыз бен жыныс мүшесі», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2004).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Посланника Аллаха ﷺ спросили: “Что больше всего помогает людям войти в рай?” Он ответил: “Богобоязненность перед Аллахом и прекрасный нрав”. Затем его спросили: “А что чаще всего приводит людей в ад?” Он ответил: “Рот и половые органы”» (Ат-Тирмизи: 2004).

629
Риядус-салихин, № 629Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أكْمَلُ الْمُؤمنِينَ إِيمَانًا أحسَنُهُمْ خُلُقًا، وَخِيَارُكُمْ خِيَارُكُمْ لِنِسَائِهِمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деп айтты», – делінген (Тирмизи: 1162).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Наиболее совершенны в вере те из верующих, кто обладает лучшим нравом. А лучшие из вас – те, кто лучше всего относится к своим жёнам» (Ат-Тирмизи: 1162).

630
Риядус-салихин, № 630Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ الْمُؤْمِنَ لَيُدْرِكُ بحُسْنِ خُلُقِه دَرَجَةَ الصَّائِمِ الْقَائِمِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Расында, мүмін бойындағы көркем мінезі арқылы күндіз ораза ұстап, түнде намаз оқитын адамның дәрежесіне жетеді», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4798).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Я слышала, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Поистине, благодаря своему благонравию верующий достигает степени того, кто постится днём и совершает молитвы ночью”» (Абу Дауд: 4798).

631
Риядус-салихин, № 631Риуаят етуші: Әбу Умама әл-Бәһили (р.а.)

عَنْ أَبِى أُمَامَة الْباهِليِّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَنَا زَعِيمٌ ببَيتٍ فِى ربَض الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْمِرَاءَ، وَإِنْ كَانَ مُحِقًّا، وَبِبَيْتٍ فِى وَسَطِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْكَذِبَ، وَإِنْ كَانَ مَازِحًا، وَبِبَيْتٍ فِى أعلَى الْجَنَّةِ لِمَنْ حَسُنَ خُلُقُهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Умама әл-Бәһили (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Өзінікі дұрыс болса да, талас пен тартыстан бас тартқан адамға жұмақтың шетінен зәулім сарай берілетініне кепілмін. Қалжыңдап болса да, бір ауыз өтірік айтпаған адамға жұмақтың қақ ортасынан зәулім сарай берілетініне кепілмін. Сондай-ақ мінезі көркем адамға жұмақтың төрінен зәулім сарай берілетініне кепілмін», – деп айтты», – делінген (Әбу Дәуіт: 4800).

Орысша аудармасы

Абу Умама аль-Бахили (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Я ручаюсь, что тому, кто откажется от споров и пререканий, даже будучи правым, будет дарован величественный дворец на окраине рая. Я ручаюсь, что тому, кто не произнесёт ни единого слова лжи даже в шутку, будет дарован величественный дворец в самом центре рая. И я ручаюсь, что человеку прекрасного нрава будет дарован величественный дворец в высшей части рая» (Абу Дауд: 4800).

632
Риядус-салихин, № 632Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ مِنْ أحَبِّكُمْ إِليَّ، وَأقْرَبِكُمْ مِنِّى مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أحَاسِنَكُم أخْلَاقًا، وَإِنَّ أبْغَضَكُمْ إِلَيَّ وَأبْعَدَكُمْ مِنِّى يَوْمَ الْقِيَامَةِ، الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْهقُونَ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَدْ عَلِمْنَا «الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ»، فمَا الْمُتَفَيْهقُونَ؟ قَالَ: «المُتَكَبِّرُونَ»

وروى الترمذي عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الْمباركِ رحِمه اللَّه فِى تفسير حُسْنِ الْخُلُقِ، قَالَ: «هُوَ طَلَاقَةُ الْوَجه، وَبَذْلُ الْمَعروف، وَكَفُّ الْأذَى»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, (сендердің) мен үшін ең ұнамдыларың әрі қиямет күні маған ең жақын болатындарың – мінез-құлқы ең көркем болғандар. Сондай-ақ мен үшін ең жеккөрініштілерің әрі қиямет күні менен ең алыс болатындарың – аузы көпіріп көп сөйлейтін мылжыңдар, ащы тілді ділмарсыған лепірме мақтаншақтар және басынан сөз асырмайтын, тілімен жағына сүйенген сөзшеңдер», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сіз атаған алдыңғы екі топқа жататындарды білеміз. Ал үшінші топқа кіретіндер кімдер?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Олар – тәкаппарлар», – деп жауап берді», – делінген (Тирмизи: 2018).

Жалғасы: Имам Тирмизи, Абдуллаһ ибн әл-Мубарак (р.а.) көркем мінез ұғымын: «Ол – жарқын жүзділік, жақсылық атаулыға бар күшті салу және ешкімге зиян тигізбеу», – деп түсіндіргенін жеткізген.

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, самыми любимыми для меня и самыми близкими ко мне в День воскресения будут те из вас, кто обладает лучшим нравом. А самыми ненавистными мне и наиболее далёкими от меня в День воскресения будут болтливые пустословы, говорящие без умолку, язвительные хвастуны, кичащиеся своим красноречием, и велеречивые говоруны, никому не уступающие в споре и полагающиеся лишь на свой язык». Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Мы знаем, кто относится к первым двум категориям, но кто относится к третьей?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Это высокомерные» (Ат-Тирмизи: 2018).

Имам ат-Тирмизи передал, что Абдуллах ибн аль-Мубарак (да будет доволен им Аллах) объяснял понятие прекрасного нрава так: «Это приветливое выражение лица, стремление всеми силами творить добро и непричинение вреда кому бы то ни было».