Хадистер
«وَالكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالعَافِينَ عَنِ النَّاسِ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ» Ашуын жеңе білгендер және адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді». («Әли Имран» сүресі, 134-аят).
«خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالعُرْفِ وَأعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلينَ» «(Уа, Мұхаммед!) Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Надандардан теріс айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма». («Ағраф» сүресі, 199-аят).
«وَلَا تَسْتَوِى الْحَسَنَةُ وَلَا السَّيِّئَةُ ادْفَعْ بِالَّتِى هِيَ أَحْسَنُ فَإِذَا الَّذِى بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَأَنَّهُ وَلِيٌّ حَمِيمٌ وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا الَّذِينَ صَبَرُوا وَمَا يُلَقَّاهَا إِلَّا ذُو حَظٍّ عَظِيمٍ» «Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің. Алайда ондай кемелдікке сабырлылық таныта білгендер ғана қол жеткізе алмақ. Сондай-ақ оған адами қасиеттер мен жақсылықтан нәсібі мол болған жандар ғана қол жеткізбек». («Фуссилат» сүресі, 34-35-аят).
«وَلَمنْ صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ» «Ал кімде-кім сабыр етіп, өзіне орынсыз озбырлық көрсеткенді кешірсе, бұл табандылық пен күш-жігерді талап ететін, әжір-сауабы зор іс болмақ». («Шура» сүресі, 43-аят).
«Кто усмиряет свой гнев и прощает людей. Поистине, Аллах любит искренних» (сура «Али Имран», 3:134).
«И все же, будь ты снисходителен, побуждай к благому и отвернись от подобных невежд» (сура «А‘раф», 7:199).
«Не равны добро и зло. Отплати же за зло добром. И ты увидишь, как человек, который враждовал с тобой, станет твоим близким другом. Но не даруется подобное никому, кроме тех, кто смог проявить терпение. И не даруется подобное никому, кроме тех, кто имеет великую долю» (сура «Фуссилат», 41:34–35).
«И тот, кто проявляет терпение и прощает, – безусловно, из-за решимости в своих делах» (сура «Шура», 42:43).
عَنِ ابْنِ عَبَّاس، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لأَشَجِّ عَبْدِ الْقَيْسِ: «إِنَّ فيكَ خَصْلَتَيْنِ يُحِبُّهُمَا اللَّهُ: الْحِلْمُ وَالْأنَاةُ»
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ Әшажж Абдулқайсқа: «Сенің бойыңда Алла жақсы көретін екі қасиет бар. Олар: ақылдылық1 пен байсалдылық», – деп айтты», – делінген (Муслим: 117).
Орысша аудармасы
Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал Ашаджжу из племени Абд аль-Кайс: «Тебе присущи два качества, которые любит Аллах: рассудительность1 и выдержанность» (Муслим: 117).
- 1Не нәрсеге болсын асықпай, байыппен ақылға салып қарау
- 1Обдуманно, неспешно и рассудительно относиться к каждому делу.
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ رَفيقٌ يُحِبُّ الرِّفْقَ فِى الْأَمْرِ كُلِّه»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Ақиқатында, Алла ерекше мейірбан әрі әрбір істе мейірбандылықты жақсы көреді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 6927; Муслим: 5656; Ахмад: 24090).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах мягок и любит мягкость во всех делах» (Аль-Бухари: 6927; Муслим: 5656; Ахмад: 24090).
وَعَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ رَفِيقٌ يُحِبُّ الرِّفقَ، وَيُعْطي عَلَى الرِّفق، مَا لَا يُعْطِى عَلَى الْعُنْفِ، وَمَا لَا يُعْطِى عَلَى مَا سِوَاهُ»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Шынында, Алла Тағала өте мейірбан әрі мейірбандықты жақсы көреді. Сондай-ақ қатыгезге және одан басқаға нәсіп етпеген жақсылықты мейірбан жанға ғана нәсіп етеді», – деп айтты», – делінген (Муслим: 2201; Ахмад: 24090).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, Аллах Всевышний мягок и любит мягкость. За мягкость Он дарует такое благо, какого не дарует ни за суровость, ни за что-либо иное» (Муслим: 2201; Ахмад: 24090).
وَعَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّ الرِّفْقَ لَا يَكُونُ فِى شَيْءٍ إِلَّا زَانَهُ، وَلَا يُنْزَعُ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا شَانَهُ»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан ﷺ: «Шынында, мейірбандық ненің бойынан табылса, соны әсемдей түседі. Ал ненің бойында болмаса, сөзсіз, көріксіз қылады», – деп айтты», – делінген (Муслим: 6602; Ахмад: 25709).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что Пророк ﷺ сказал: «Поистине, доброта украшает всё, в чём проявляется, а её отсутствие непременно всё обезображивает» (Муслим: 6602; Ахмад: 25709).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: بَال أعْرَابيٌّ فِى الْمسجدِ، فَقَامَ النَّاسُ إِلَيْهِ لِيَقَعُوا فِيهِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «دَعُوهُ وَأرِيقُوا عَلَى بَوْلِهِ سَجْلًا مِنْ مَاءٍ، أَوْ ذَنُوبًا مِنْ مَاءٍ، فَإِنَّمَا بُعِثْتُمْ مُيَسِّرِينَ وَلَم تُبْعَثُوا مُعَسِّرِينَ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.): «Бір жолы бір бәдәуи мешіттің ішінде тұрып дәрет сындырды. Оны көрген мешіттегілер сазайын бермекке жалма-жан орындарынан атып тұрды. Пайғамбарымыз ﷺ болса оларға: «Оған тиіспеңдер. Дәрет сындырған жеріне бір шелек су төгіңдер. Шынында, сендер (басқаларға) қиындық тудыру үшін емес жеңілдік жасау үшін жіберілдіңдер», – деп айтты», – деген (Бұхари: 220; Ахмад: 7799).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды один бедуин стал справлять малую нужду прямо в мечети. Увидев это, находившиеся там люди тотчас вскочили со своих мест, намереваясь проучить его. Однако Пророк ﷺ сказал им: “Не трогайте его. Вылейте ведро воды на то место, где он справил нужду. Поистине, вы посланы не для того, чтобы создавать трудности (другим), а для того, чтобы облегчать”» (Аль-Бухари: 220; Ахмад: 7799).
عَنْ أَنَس -رضي اللَّه عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّّ ﷺ قَالَ: «يَسِّرُوا وَلَا تُعَسِّرُوا وَبَشِّرُوا وَلَا تُنَفِّرُوا»
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар, сондай-ақ, сүйіншілеңдер (адамдарға ізгілікті сүйдіріп, қуантыңдар), (ел-жұртты ізгіліктен, діннен) бездірмеңдер», – деген (Бұхари: 69; Муслим: 4528; Ахмад: 12333).
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Облегчайте и не затрудняйте; радуйте благими вестями (прививайте людям любовь к добру и дарите им радость) и не отталкивайте (людей от добра и религии)» (Аль-Бухари: 69; Муслим: 4528; Ахмад: 12333).
عَنْ جرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ ِ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ يُحْرَمِ الرِّفْقَ، يُحْرَمِ الْخَيْرَ كلَّهُ»
Қазақша аудармасы
Жәрир ибн Абдуллаһ (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Кім мейірбандықтан (жұмсақтықтан) мақрұм етілсе, күллі жақсылық атаулыдан мақрұм қалады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 6598; Ахмад: 19208).
Орысша аудармасы
Джарир ибн Абдуллах (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ произнёс: “Кто лишён милосердия (мягкости), тот лишён всякого блага”» (Муслим: 6598; Ахмад: 19208).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَجُلًا قَالَ لِلنَّبِيِِّّ ﷺ: أوْصِني. قَالَ: «لَا تَغْضَبْ»، فَرَدَّدَ مِرَارًا، قَالَ: «لَا تَغْضَبْ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Маған өсиет айтыңызшы», – деп өтініш жасайды. Сонда Ол кісі: «Ашуланба», – дейді. Әлгі кісі осы өтінішін бірнеше рет қайталап еді, Алла елшісі әрбіріне: «Ашуланба», – деп жауап береді (Бұхари: 6116; «Муснәд» Ахмад: 10011).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что один человек обратился к Пророку ﷺ с просьбой: «Дайте мне наставление». Он ответил: «Не гневайся». Тот человек повторил свою просьбу несколько раз, и всякий раз Посланник Аллаха ﷺ отвечал ему: «Не гневайся» (Аль-Бухари: 6116; Ахмад: 10011).
عَنْ أَبِى يعلى شَدَّاد بْنِ أوسٍ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ كَتَبَ الْإِحْسَانَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ فَإِذَا قَتَلْتُم فَأحْسِنُوا الْقِتْلَة، وَإِذَا ذَبَحْتُمْ فَأحْسِنُوا الذِّبْحَةَ، وَليُحِدَّ أَحَدُكُمْ شَفْرَتَه، وَلْيُرِح ذَبِيحَتَهُ»
Қазақша аудармасы
Шәддад ибн Әус (р.а.): «Расулалла ﷺ: «Шынында, Алла әр нәрседе жақсылықты1 парыз қылды. Егер өлтіретін болсаңдар, жақсылап (яғни, қинамай) өлтіріңдер. Ал егер мал бауыздасаңдар, жақсылап бауыздаңдар. Әркім пышағын дұрыстап қайрап алсын әрі сойған малын қинамасын», – деп бұйырды», – деген (Муслим: 5055; Ахмад: 17113).
Орысша аудармасы
Шаддад ибн Аус (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, Аллах предписал совершать всё наилучшим образом1. Если вам приходится убивать, делайте это должным образом (то есть не причиняя мучений). Если же закалываете животное, делайте это как следует. Пусть каждый из вас хорошо наточит нож и не причиняет закалываемому животному мучений» (Муслим: 5055; Ахмад: 17113).
- 1Яғни, әрбір істі жақсылап, дұрыстап атқаруды парыз қылды.
- 1То есть сделал обязательным исполнять каждое дело должным и наилучшим образом.
عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: مَا خُيِّرَ رَسُول اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أمْرَيْنِ قَطُّ إِلَّا أَخَذَ أيْسَرَهُمَا، مَا لَمْ يَكُنْ إِثمًا، فَإِنْ كَانَ إِثمًا، كَانَ أبْعَدَ النَّاسِ مِنْهُ. وَمَا انْتَقَمَ رَسُول اللَّهِ ﷺ لِنَفْسِهِ فِى شَيْءٍ قَطُّ، إِلَّا أن تُنْتَهَكَ حُرْمَةُ اللَّه، فَيَنْتَقِمَ لِلَّهِ تَعَالَى
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Алланың елшісіне ﷺ екі істің біреуін таңдау керек болса, күнәға итермелейтін тұсы болмаса, жеңіл істі таңдайтын еді. Ал егер ол істе күнә болса, одан өзге адамдардан да бойын алыс ұстайтын. Сондай-ақ Расулалла қара басы үшін ешкімнен кек алған емес. Алайда Алла Тағала харам қылған істі істегендерден Алла үшін кек алатын»,1 – деп айтты (Бұхари: 3560; Муслим: 6045; Ахмад: 25579).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Когда Посланнику Аллаха ﷺ предлагали выбрать одно из двух дел, он неизменно выбирал более лёгкое, если только в нём не было ничего, ведущего к греху. Если же в нём заключался грех, он сторонился его больше всех остальных людей. Посланник Аллаха ﷺ никогда не мстил за личную обиду. Однако, когда кто-либо нарушал запрет Аллаха Всевышнего, он наказывал нарушителя ради Аллаха1» (Аль-Бухари: 3560; Муслим: 6045; Ахмад: 25579).
- 1Яғни, Алланың бекіткен заңын бұзған адамнан Алла үшін кек алатын.
- 1То есть наказывал тех, кто нарушал установления Аллаха, ради Аллаха.
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا أخْبِرُكُمْ بِمَنْ يَحْرُمُ عَلَى النَّار؟ أَوْ بِمَنْ تَحْرُمُ عَلَيْهِ النَّار؟ تَحْرُمُ عَلَى كُلِّ قَرِيبٍ، هَيّنٍ، لَيِّنٍ، سَهْلٍ»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ: «Сендерге кімнің тозақ отына харам болатыны (немесе кімге тозақ оты харам болатыны) жайлы айтып берейін бе? Тозақ оты (ел-жұртқа) жақын, жеңіл әрі жұмсақ болған әрбір жанға харам болады», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 2488).
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Не рассказать ли вам о том, кто будет запретен для Огня (или для кого Огонь будет запретен)? Огонь будет запретен каждому, кто близок к людям, лёгок в общении и мягок нравом» (Ат-Тирмизи: 2488).