Хадистер
«خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلينَ» «(Уа, Мұхаммед!) Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Надандардан теріс айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма». («Ағраф» сүресі, 199-аят).
«فَاصْفَحِ الصَّفْحَ الْجَمِيلَ» «Ендеше, сен (ел-жұрттың қате-кемшілігін, қиянатын) әрдайым кешіріп, жақсылық жасау жолын ұстан». («Хижр» сүресі, 85-аят).
«وَلْيَعْفُوا وَلْيَصْفَحُوا أَلَا تُحِبُّونَ أَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَكُمْ» «Керісінше ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде, Алланың өздеріңе кеңшілік жасағанын қаламайсыңдар ма?» («Нұр» сүресі, 22-аят).
«وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ» «...адамдарға кешірімді болғандар. Шүбәсіз, Алла (міне, осындай) ізгі жандарды жақсы көреді». («Әли Имран» сүресі, 134-аят).
«وَلَمَنْ صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ» «Алайда кімде-кім сабыр етіп, өзіне орынсыз озбырлық көрсеткенді кешірсе, шүбәсіз, бұл табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы зор іс болмақ». («Шура» сүресі, 43-аят).
«И все же, будь ты снисходителен, побуждай к благому и отвернись от подобных невежд» (сура «А‘раф», 7:199).
«Посему прояви прекрасное прощение» (сура «Хиджр», 15:85).
«Напротив, пусть они прощают и проявляют великодушие. Ужель вы не желаете, чтобы Аллах проявлял великодушие к вам?» (сура «Нур», 24:22).
«…и прощает людей. Поистине, Аллах любит искренних» (сура «Али Имран», 3:134).
«И тот, кто проявляет терпение и прощает, – безусловно, из-за решимости в своих делах» (сура «Шура», 42:43).
عَنْ عَائِشَة:أَنَّهُ ا قَالَتْ لِلنَّبِيِّ ﷺ: هَلْ أَتَى عَلَيْكَ يَوْمٌ كَانَ أشَدَّ مِنْ يَوْمِ أُحُدٍ؟ قَالَ: «لَقَدْ لَقِيتُ مِنْ قَوْمِكِ، وَكَانَ أشَدُّ مَا لَقيتُ مِنْهُمْ يَوْمَ الْعَقَبَةِ، إِذْ عَرَضْتُ نَفْسِى عَلَى ابْنِ عَبْدِ يَالِيْلَ بْنِ عَبْدِ كُلَالٍ، فَلَمْ يُجِبْنِى إِلَى مَا أرَدْتُ، فَانْطَلَقْتُ وَأنا مَهْمُومٌ عَلَى وَجْهِى، فَلَمْ أسْتَفِقْ إِلَّا وَأَنَا بِقَرْنِ الثَّعَالِبِ، فَرَفَعْتُ رَأْسِى، وَإِذَا أَنَا بِسَحَابَةٍ قَدْ أظَلَّتْنِى، فَنَظَرْتُ فَإِذَا فِيهَا جِبْرِيلُ تَعَالَى، فَنَادَاني، فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَدْ سَمِعَ قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ، وَمَا رَدُّوا عَلَيْكَ، وَقَد بَعَثَ إِلَيْكَ مَلَكَ الْجِبَالِ لِتَأْمُرَهُ بمَا شِئْتَ فِيهِمْ. فَنَادَانِى مَلَكُ الْجِبَالِ، فَسَلَّمَ عَلَيَّ، ثُمَّ قَالَ: يَا مُحَمَّدُ إِنَّ اللَّهَ قَدْ سَمِع قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ، وَأَنَا مَلَكُ الْجِبَال، وَقَدْ بَعَثَنِى رَبِّى إِلَيْكَ لِتَأْمُرَنِى بِأَمْرِكَ، فَمَا شِئْتَ، إِنْ شئْتَ أَطْبَقْتُ عَلَيْهِمُ الْأَخْشَبَيْنِ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أَرْجُو أَنْ يُخْرِجَ اللَّهُ مِنْ أَصْلَابِهِمْ مَنْ يَعْبُدُ اللَّهَ وَحْدَهُ لَا يُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا»
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Бірде мен Пайғамбарымыздан ﷺ: «Өміріңізде Ұхұд шайқасынан өткен ауыр күн болды ма?» – деп сұраған едім. Сонда Пайғамбарымыз былай деді: «Расында, сенің қауымыңнан (яғни, мүшріктерден) көрмеген қорлығым жоқ. Әсіресе, Ақаба күні солардан көп зәбір көрген едім. Сол күні (Тайфтағы) мүшріктердің алдыңғы қатарлыларының бірі Ибн Абдуялил ибн Абдулкүләлден қолдау көрсетуін өтіндім. Алайда ол маған болысудан бас тартты. Сөйтіп, (олар иман етпегендерімен қоса төбемнен тас жаудырып Тайфтан қуып шыққан соң) мұңға батып келе жатып, есімді жисам, Қарн Сағалиб деп аталатын жерге жетіп қалған екенмін. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда, бір бұлттың мені көлеңкелеп тұрғанын байқадым. Анықтап қарағанымда, әлгі бұлттың ішінен Жәбірейіл (а.с.) періштені көрдім. Ол маған: Алла қауымыңның саған не деп айтқанын, әрі не істегенін толық естіп білді, сондықтан саған тау періштесін жіберді. Соған қалаған бұйрығыңды беріп (өзіңе қарсы келгендерді жазалай аласың)», – деді. Сол кезде тау періштесі маған сәлем беріп: «Уа, Мұхаммед! Расында, Алла қауымыңның саған не деп айтқанын естіді. Мен таулардың періштесімін. Раббым мені саған жіберді. Қалаған бұйрығыңды бер. Егер қаласаң, олардың төбесіне Ахбашәйнді (Меккенің шетіндегі екі тауды) көтеріп әкеліп тастай салайын», – деді. Сонда мен: «Жоқ. Бар болғаны Раббымнан олардың ішінен Алладан басқа ешкімге (және еш нәрсеге) құлдық ұрмайтын жаңа нәсіл шығаруын тілеймін», – дедім» (Бұхари: 3231; Муслим: 4653).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что однажды спросила Пророка ﷺ: «Был ли в вашей жизни день тяжелее дня битвы при Ухуде?» Пророк ﷺ ответил: «Поистине, каких только унижений мне не пришлось претерпеть от твоего народа (то есть от многобожников)! Особенно много страданий они причинили мне в день Акабы. В тот день я попросил поддержки у одного из предводителей многобожников (в Таифе) – Ибн Абд Ялиля ибн Абд Куляля. Однако он отказался помочь мне. После этого (они не только не уверовали, но и забросали меня камнями и изгнали из Таифа) я брёл, погружённый в печаль, и опомнился лишь тогда, когда уже оказался в месте, называемом Карн Саалиб. Подняв голову к небу, я увидел облако, укрывавшее меня своей тенью. Всмотревшись, я увидел в нём ангела Джибрила (мир ему). Он сказал мне: “Аллах услышал всё, что сказали тебе твои соплеменники, и знает всё, что они сделали. Поэтому Он послал к тебе ангела гор. Ты можешь отдать ему любое повеление (и наказать тех, кто воспротивился тебе)”.
Тогда ангел гор поприветствовал меня и сказал: “О Мухаммад! Поистине, Аллах услышал всё, что сказал тебе твой народ. Я – ангел гор. Мой Господь послал меня к тебе. Прикажи мне всё, что пожелаешь. Если хочешь, я подниму Ахшабайн (две горы на окраине Мекки) и обрушу их на головы твоего народа”. Я ответил: “Нет. Я лишь надеюсь, что мой Господь даст им потомков, которые будут поклоняться одному Аллаху, не поклоняясь никому (и ничему) иному”» (Аль-Бухари: 3231; Муслим: 4653).
وَعَنْهَا، قَالَتْ: مَا ضَرَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ شَيْئًا قَطُّ بِيَدِهِ، وَلَا امْرَأَةً وَلَا خَادِمًا، إِلَّا أَنْ يُجَاهِدَ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، وَمَا نِيلَ مِنْهُ شَيْءٌ قَطُّ فَيَنْتَقِمَ مِنْ صَاحِبِهِ، إِلَّا أن يُنْتَهَكَ شَيْءٌ مِنْ مَحَارِمِ اللَّهِ تَعَالَى، فَيَنْتَقِمُ لِلَّهِ تَعَالَى
Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Алла жолындағы күресін айтпағанда, Алла елшісі ﷺ еш нәрсеге қолын көтерген емес, соның ішінде әйел затына және қызметшіге қол көтерген емес. Сондай-ақ Алланың үкімдері мен тыйымдары бұзылып, соның есесін қайтарғанын айтпағанда, өзіне қиянат пен қастық жасағанға еш уақытта кек қайтарған емес», – деген (Муслим: 6050; Ахмад: 24034).
Орысша аудармасы
Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Если не считать борьбы на пути Аллаха, Посланник Аллаха ﷺ никогда никого не ударил своей рукой – ни женщину, ни слугу. Он также никогда не мстил за несправедливость или зло, причинённые ему лично. Однако если нарушались установления и запреты Аллаха, он взыскивал за их нарушение ради Аллаха» (Муслим: 6050; Ахмад: 24034).
عَنْ أَنَس قَالَ: كُنْتُ أمشي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَعَلَيْهِ بُرْدٌ نَجْرَانيٌّ غَلِيظُ الْحَاشِيَةِ، فأدْرَكَهُ أعْرَابِيٌّ فَجَبذَهُ بِرِدَائِهِ جَبْذَةً شَديدةً، فَنَظَرْتُ إِلَى صَفْحَةِ عَاتِقِ النَّبِيِّ ﷺ، وَقَدْ أثَّرَتْ بِهَا حَاشِيَةُ الرِّدَاءِ مِنْ شِدَّةِ جَبْذَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: يَا مُحَمَّدُ، مُر لِى مِنْ مَالِ اللَّهِ الَّذِى عِنْدَكَ. فَالتَفَتَ إِلَيْهِ، فَضَحِكَ ثُمَّ أَمَرَ لَهُ بِعَطَاءٍ
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.): «Бір күні Алла елшісімен ﷺ бірге келе жатыр едім. Расулалла үстіне жиегі тым қалың әрі қатты Нәжран матасынан тігілген шапан киген болатын. Кенет бір бәдәуи артымыздан жетіп келіп, Пайғамбарымыздың шапанынан ұстап қатты тартып қалды. Оның иығында қатты жұлқығаннан қалған киімінің ізін көрдім. Әлгі бәдәуи: «Әй, Мұхаммед! Маған қолыңдағы Алланың дүниесінен бер», – деді. Мұны естігенде ол бәдәуиге бұрылып қарады да, күлді. Содан соң, оған бір нәрселер бергізді», – деген (Бұхари: 3149; Муслим: 2429; Ахмад: 13194).
Орысша аудармасы
Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я шёл вместе с Посланником Аллаха ﷺ. На нём была накидка из наджранской ткани с очень толстой и грубой каймой. Внезапно нас догнал бедуин, схватил Пророка ﷺ за накидку и с силой дёрнул. Я увидел на его плече след от каймы, оставшийся после этого резкого рывка. Бедуин сказал: “Эй, Мухаммад! Дай мне из имущества Аллаха, находящегося у тебя”. Услышав это, Пророк ﷺ повернулся к нему, улыбнулся, а затем велел выдать ему что-нибудь» (Аль-Бухари: 3149; Муслим: 2429; Ахмад: 13194).
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: كَأَنِى أنظر إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَحْكِى نَبِيًّا مِنَ الْأَنبيَاءِ، صَلَوَاتُ اللَّهِ وَسَلَامُه عَلَيْهِمْ، ضَرَبَهُ قَوْمُهُ فَأَدْمَوْهُ، وَهُوَ يَمْسَحُ الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ، وَيَقُولُ: «اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِقَوْمِي؛ فَإِنَّهُمْ لَا يَعْلَمُونَ»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ бізге бір пайғамбардың басынан өткен оқиғаны әңгімелегені әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді. Әлгі пайғамбарды қауымы ұрып-соғып, қан-жоса қылса да, жүзіндегі жарақаттан аққан қанды сүртіп тұрып: «Уа, Алла, қауымымды кешіре көр! Өйткені олар ақиқатты білмейді», – деп жалбарынған еді», – деп айтты (Бұхари: 3477; Муслим: 4646; Ахмад: 3611).
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я до сих пор словно вижу перед собой, как Посланник Аллаха ﷺ рассказывал нам о том, что произошло с одним из пророков. Его народ избил его до крови, а он, вытирая кровь, стекавшую из раны на лице, взывал: “О Аллах! Прости мой народ, ведь они не знают истины”» (Аль-Бухари: 3477; Муслим: 4646; Ахмад: 3611).
عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الشَّديدُ بِالصُّرَعَةِ، إِنَّمَا الشَّدِيدُ الَّذِى يَمْلِكُ نَفْسَهُ عِنْدَ الْغَضَبِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Нағыз мықты – күресте қарсыласын жеңген емес, қатты ашуланғанда өз-өзін ұстай (жеңе) білген адам», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 6114; Муслим: 6643; Ахмад: 7640).
Орысша аудармасы
Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «По-настоящему силён не тот, кто побеждает соперника в борьбе, а тот, кто умеет сдержать (победить) себя в минуты сильного гнева» (Аль-Бухари: 6114; Муслим: 6643; Ахмад: 7640).