Хадис

Риядус-салихин, № 646

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
75. Кешірімді болу және надандарға налымау
Нөмірі
№ 646 (қазақша басылым реті)
646
Риядус-салихин, № 646Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَس قَالَ: كُنْتُ أمشي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَعَلَيْهِ بُرْدٌ نَجْرَانيٌّ غَلِيظُ الْحَاشِيَةِ، فأدْرَكَهُ أعْرَابِيٌّ فَجَبذَهُ بِرِدَائِهِ جَبْذَةً شَديدةً، فَنَظَرْتُ إِلَى صَفْحَةِ عَاتِقِ النَّبِيِّ ﷺ، وَقَدْ أثَّرَتْ بِهَا حَاشِيَةُ الرِّدَاءِ مِنْ شِدَّةِ جَبْذَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: يَا مُحَمَّدُ، مُر لِى مِنْ مَالِ اللَّهِ الَّذِى عِنْدَكَ. فَالتَفَتَ إِلَيْهِ، فَضَحِكَ ثُمَّ أَمَرَ لَهُ بِعَطَاءٍ

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Бір күні Алла елшісімен ﷺ бірге келе жатыр едім. Расулалла үстіне жиегі тым қалың әрі қатты Нәжран матасынан тігілген шапан киген болатын. Кенет бір бәдәуи артымыздан жетіп келіп, Пайғамбарымыздың шапанынан ұстап қатты тартып қалды. Оның иығында қатты жұлқығаннан қалған киімінің ізін көрдім. Әлгі бәдәуи: «Әй, Мұхаммед! Маған қолыңдағы Алланың дүниесінен бер», – деді. Мұны естігенде ол бәдәуиге бұрылып қарады да, күлді. Содан соң, оған бір нәрселер бергізді», – деген (Бұхари: 3149; Муслим: 2429; Ахмад: 13194).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я шёл вместе с Посланником Аллаха ﷺ. На нём была накидка из наджранской ткани с очень толстой и грубой каймой. Внезапно нас догнал бедуин, схватил Пророка ﷺ за накидку и с силой дёрнул. Я увидел на его плече след от каймы, оставшийся после этого резкого рывка. Бедуин сказал: “Эй, Мухаммад! Дай мне из имущества Аллаха, находящегося у тебя”. Услышав это, Пророк ﷺ повернулся к нему, улыбнулся, а затем велел выдать ему что-нибудь» (Аль-Бухари: 3149; Муслим: 2429; Ахмад: 13194).