Хадис

Риядус-салихин, № 644

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
75. Кешірімді болу және надандарға налымау
Нөмірі
№ 644 (қазақша басылым реті)
644
Риядус-салихин, № 644Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَة:أَنَّهُ ا قَالَتْ لِلنَّبِيِّ ﷺ: هَلْ أَتَى عَلَيْكَ يَوْمٌ كَانَ أشَدَّ مِنْ يَوْمِ أُحُدٍ؟ قَالَ: «لَقَدْ لَقِيتُ مِنْ قَوْمِكِ، وَكَانَ أشَدُّ مَا لَقيتُ مِنْهُمْ يَوْمَ الْعَقَبَةِ، إِذْ عَرَضْتُ نَفْسِى عَلَى ابْنِ عَبْدِ يَالِيْلَ بْنِ عَبْدِ كُلَالٍ، فَلَمْ يُجِبْنِى إِلَى مَا أرَدْتُ، فَانْطَلَقْتُ وَأنا مَهْمُومٌ عَلَى وَجْهِى، فَلَمْ أسْتَفِقْ إِلَّا وَأَنَا بِقَرْنِ الثَّعَالِبِ، فَرَفَعْتُ رَأْسِى، وَإِذَا أَنَا بِسَحَابَةٍ قَدْ أظَلَّتْنِى، فَنَظَرْتُ فَإِذَا فِيهَا جِبْرِيلُ تَعَالَى، فَنَادَاني، فَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى قَدْ سَمِعَ قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ، وَمَا رَدُّوا عَلَيْكَ، وَقَد بَعَثَ إِلَيْكَ مَلَكَ الْجِبَالِ لِتَأْمُرَهُ بمَا شِئْتَ فِيهِمْ. فَنَادَانِى مَلَكُ الْجِبَالِ، فَسَلَّمَ عَلَيَّ، ثُمَّ قَالَ: يَا مُحَمَّدُ إِنَّ اللَّهَ قَدْ سَمِع قَوْلَ قَوْمِكَ لَكَ، وَأَنَا مَلَكُ الْجِبَال، وَقَدْ بَعَثَنِى رَبِّى إِلَيْكَ لِتَأْمُرَنِى بِأَمْرِكَ، فَمَا شِئْتَ، إِنْ شئْتَ أَطْبَقْتُ عَلَيْهِمُ الْأَخْشَبَيْنِ». فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «بَلْ أَرْجُو أَنْ يُخْرِجَ اللَّهُ مِنْ أَصْلَابِهِمْ مَنْ يَعْبُدُ اللَّهَ وَحْدَهُ لَا يُشْرِكُ بِهِ شَيْئًا»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде мен Пайғамбарымыздан ﷺ: «Өміріңізде Ұхұд шайқасынан өткен ауыр күн болды ма?» – деп сұраған едім. Сонда Пайғамбарымыз былай деді: «Расында, сенің қауымыңнан (яғни, мүшріктерден) көрмеген қорлығым жоқ. Әсіресе, Ақаба күні солардан көп зәбір көрген едім. Сол күні (Тайфтағы) мүшріктердің алдыңғы қатарлыларының бірі Ибн Абдуялил ибн Абдулкүләлден қолдау көрсетуін өтіндім. Алайда ол маған болысудан бас тартты. Сөйтіп, (олар иман етпегендерімен қоса төбемнен тас жаудырып Тайфтан қуып шыққан соң) мұңға батып келе жатып, есімді жисам, Қарн Сағалиб деп аталатын жерге жетіп қалған екенмін. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда, бір бұлттың мені көлеңкелеп тұрғанын байқадым. Анықтап қарағанымда, әлгі бұлттың ішінен Жәбірейіл (а.с.) періштені көрдім. Ол маған: Алла қауымыңның саған не деп айтқанын, әрі не істегенін толық естіп білді, сондықтан саған тау періштесін жіберді. Соған қалаған бұйрығыңды беріп (өзіңе қарсы келгендерді жазалай аласың)», – деді. Сол кезде тау періштесі маған сәлем беріп: «Уа, Мұхаммед! Расында, Алла қауымыңның саған не деп айтқанын естіді. Мен таулардың періштесімін. Раббым мені саған жіберді. Қалаған бұйрығыңды бер. Егер қаласаң, олардың төбесіне Ахбашәйнді (Меккенің шетіндегі екі тауды) көтеріп әкеліп тастай салайын», – деді. Сонда мен: «Жоқ. Бар болғаны Раббымнан олардың ішінен Алладан басқа ешкімге (және еш нәрсеге) құлдық ұрмайтын жаңа нәсіл шығаруын тілеймін», – дедім» (Бұхари: 3231; Муслим: 4653).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала, что однажды спросила Пророка ﷺ: «Был ли в вашей жизни день тяжелее дня битвы при Ухуде?» Пророк ﷺ ответил: «Поистине, каких только унижений мне не пришлось претерпеть от твоего народа (то есть от многобожников)! Особенно много страданий они причинили мне в день Акабы. В тот день я попросил поддержки у одного из предводителей многобожников (в Таифе) – Ибн Абд Ялиля ибн Абд Куляля. Однако он отказался помочь мне. После этого (они не только не уверовали, но и забросали меня камнями и изгнали из Таифа) я брёл, погружённый в печаль, и опомнился лишь тогда, когда уже оказался в месте, называемом Карн Саалиб. Подняв голову к небу, я увидел облако, укрывавшее меня своей тенью. Всмотревшись, я увидел в нём ангела Джибрила (мир ему). Он сказал мне: “Аллах услышал всё, что сказали тебе твои соплеменники, и знает всё, что они сделали. Поэтому Он послал к тебе ангела гор. Ты можешь отдать ему любое повеление (и наказать тех, кто воспротивился тебе)”.

Тогда ангел гор поприветствовал меня и сказал: “О Мухаммад! Поистине, Аллах услышал всё, что сказал тебе твой народ. Я – ангел гор. Мой Господь послал меня к тебе. Прикажи мне всё, что пожелаешь. Если хочешь, я подниму Ахшабайн (две горы на окраине Мекки) и обрушу их на головы твоего народа”. Я ответил: “Нет. Я лишь надеюсь, что мой Господь даст им потомков, которые будут поклоняться одному Аллаху, не поклоняясь никому (и ничему) иному”» (Аль-Бухари: 3231; Муслим: 4653).