Хадис

Риядус-салихин, № 632

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
73. Көркем мінез жайында
Нөмірі
№ 632 (қазақша басылым реті)
632
Риядус-салихин, № 632Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِر أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ مِنْ أحَبِّكُمْ إِليَّ، وَأقْرَبِكُمْ مِنِّى مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أحَاسِنَكُم أخْلَاقًا، وَإِنَّ أبْغَضَكُمْ إِلَيَّ وَأبْعَدَكُمْ مِنِّى يَوْمَ الْقِيَامَةِ، الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ وَالْمُتَفَيْهقُونَ» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، قَدْ عَلِمْنَا «الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ»، فمَا الْمُتَفَيْهقُونَ؟ قَالَ: «المُتَكَبِّرُونَ»

وروى الترمذي عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الْمباركِ رحِمه اللَّه فِى تفسير حُسْنِ الْخُلُقِ، قَالَ: «هُوَ طَلَاقَةُ الْوَجه، وَبَذْلُ الْمَعروف، وَكَفُّ الْأذَى»

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдуллаһ (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Расында, (сендердің) мен үшін ең ұнамдыларың әрі қиямет күні маған ең жақын болатындарың – мінез-құлқы ең көркем болғандар. Сондай-ақ мен үшін ең жеккөрініштілерің әрі қиямет күні менен ең алыс болатындарың – аузы көпіріп көп сөйлейтін мылжыңдар, ащы тілді ділмарсыған лепірме мақтаншақтар және басынан сөз асырмайтын, тілімен жағына сүйенген сөзшеңдер», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сіз атаған алдыңғы екі топқа жататындарды білеміз. Ал үшінші топқа кіретіндер кімдер?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Олар – тәкаппарлар», – деп жауап берді», – делінген (Тирмизи: 2018).

Жалғасы: Имам Тирмизи, Абдуллаһ ибн әл-Мубарак (р.а.) көркем мінез ұғымын: «Ол – жарқын жүзділік, жақсылық атаулыға бар күшті салу және ешкімге зиян тигізбеу», – деп түсіндіргенін жеткізген.

Орысша аудармасы

Джабир ибн Абдуллах (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, самыми любимыми для меня и самыми близкими ко мне в День воскресения будут те из вас, кто обладает лучшим нравом. А самыми ненавистными мне и наиболее далёкими от меня в День воскресения будут болтливые пустословы, говорящие без умолку, язвительные хвастуны, кичащиеся своим красноречием, и велеречивые говоруны, никому не уступающие в споре и полагающиеся лишь на свой язык». Сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Мы знаем, кто относится к первым двум категориям, но кто относится к третьей?» Посланник Аллаха ﷺ ответил: «Это высокомерные» (Ат-Тирмизи: 2018).

Имам ат-Тирмизи передал, что Абдуллах ибн аль-Мубарак (да будет доволен им Аллах) объяснял понятие прекрасного нрава так: «Это приветливое выражение лица, стремление всеми силами творить добро и непричинение вреда кому бы то ни было».