Хадис

Риядус-салихин, № 668

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
80. Күнәлі іске итермелемейінше басшыларға бағыну мұсылманның міндеті
Нөмірі
№ 668 (қазақша басылым реті)
668
Риядус-салихин, № 668Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَلَيْكَ السَّمْعُ وَالطَّاعَةُ فِى عُسْرِكَ وَيُسْرِكَ، وَمَنْشَطِكَ وَمَكْرَهِكَ، وَأثَرَةٍ عَلَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сенің міндетің – жоқшылықта әрі молшылықта, қуанышты әрі көңілсіз болған шақтарыңда (яғни, нәпсің қаласа да, қаламаса да), сондай-ақ биліктегілердің шешімімен басқаларға (дүние-мүлік, дәреже-мансап немесе атақ-даңқ) беріліп, сен құр қалған жағдайда да (басшыларға) бойсұну», – деп айтты», – деген (Муслим: 4754; Ахмад: 8953).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Твоя обязанность – повиноваться (правителям) и в нужде, и в достатке, и в радости, и в печали (то есть независимо от того, желает этого твоя душа или нет), а также тогда, когда по решению власть имущих другим отдают предпочтение (наделяя их имуществом, положением, должностью или почестями), а ты остаёшься ни с чем”» (Муслим: 4754; Ахмад: 8953).