Хадис

Күнәлі іске итермелемейінше басшыларға бағыну мұсылманның міндеті

Об обязанности мусульманина повиноваться правителям, пока они не велят ему совершить грех

Риядус-салихин, 80-тақырып · 11 хадис · № 664–674

Хадистер

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِى الْأَمْرِ مِنْكُمْ» «Уа, иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар және елші-пайғамбарға бағыныңдар, сондай-ақ, өздеріңнен болған басшыларға бағыныңдар». («Ниса» сүресі, 59-аят).

«О те, кто уверовал! Всецело повинуйтесь Аллаху, повинуйтесь Его посланнику и повинуйтесь тем из вас, кто наделен властью» (сура «Ниса», 4:59).

664
Риядус-салихин, № 664Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «عَلَى الْمَرْءِ الْمُسْلِمِ السَّمْعُ والطَّاعَةُ فِيمَا أحَبَّ وكَرِهَ، إِلَّا أَنْ يُؤْمَرَ بِمَعْصِيةٍ، فَإِذَا أُمِرَ بِمَعْصِيةٍ فَلَا سَمْعَ وَلَا طَاعَةَ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Мұсылманға бұйрық ұнасын-ұнамасын, егер ол іске күнә араласпаса, басшысының айтқанына құлақ асып, мойынсұнуы міндет. Ал егер (басшысы) оны күнәлі іске итермелесе, ондай жағдайда мойынсұнуға болмайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2955; Муслим: 4763; Ахмад: 4668).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Ибн Умаром (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Мусульманин обязан слушать своего правителя и повиноваться ему независимо от того, нравится ему его веление или нет, если только оно не связано с грехом. Если же (правитель) велит ему совершить грех, то повиноваться ему в этом нельзя» (Аль-Бухари: 2955; Муслим: 4763; Ахмад: 4668).

665
Риядус-салихин, № 665Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: كُنَّا إِذَا بَايَعْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّمعِ والطَّاعَةِ، يَقُولُ لَنَا: «فِيمَا اسْتَطَعْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ алдында оның айтқандарына құлақ асып, бұйрықтарына толық мойынсұнуға қатысты ант бергенімізде, бізге: «Шамаларың жететін істе», – деп айтатын еді», – деген (Бұхари: 7202; Муслим: 4836; Ахмад: 4565).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Когда мы приносили Посланнику Аллаха ﷺ присягу в том, что будем слушаться его и полностью повиноваться его велениям, он говорил нам: “В том, что вам по силам”» (Аль-Бухари: 7202; Муслим: 4836; Ахмад: 4565).

666
Риядус-салихин, № 666Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنْهُ، قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ خَلَعَ يَدًا مِنْ طَاعَةٍ لَقِيَ اللَّهَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا حُجَّةَ لَهُ، وَمَنْ مَاتَ وَلَيْسَ فِى عُنُقِهِ بَيْعَةٌ، مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً»

وَفِى رِوَايَة لَهُ: «وَمَنْ مَاتَ وَهُوَ مُفَارِقٌ لِلجَمَاعَةِ، فَإِنَّهُ يَمُوتُ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Кімде-кім басшысына берген сертінен тайқып, бағынудан бас тартса, қиямет күні Алланың алдына барғанда (айыбын ақтар) ешбір уәжі болмайды. Сондай-ақ кімде-кім (ел билеушінің) алдында ант қабылдамастан көз жұмса, жәһилият дәуірінде өлгенмен тең болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 4793).

Аталмыш хадистің тағы бір нұсқасында: «Ал кімде-кім жамағаттан бөлінген күйде өлетін болса, шынында оның жаһилият (надандық) өлімімен өлгені1», – делінген.

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Тот, кто нарушит данную правителю присягу и откажется повиноваться ему, предстанет перед Аллахом в День воскресения, не имея никаких доводов (в оправдание своей вины). А тот, кто умрёт, не принеся присяги правителю, умрёт подобно умершему во времена джахилии”» (Муслим: 4793).

В другой версии этого хадиса говорится: «Кто умрёт, отделившись от общины, тот, поистине, умрёт смертью джахилии1».

  1. 1Надандық дәуірінде өлген адамдар сияқты адасқан күйде өлген болады.
  1. 1То есть умрёт в заблуждении, подобно людям, умершим во времена невежества.
667
Риядус-салихин, № 667Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْمَعُوا وأطِيعُوا، وَإِنِ استُعْمِلَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشيٌّ، كأَنَّ رأْسَهُ زَبيبةٌ»

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Сендерге басшы болып, басы мейіз секілді (басы кішкентай, қап-қара бұйра-бұйра) эфиопиялық құл тағайындалса да, дегеніне құлақ асып, толық бойсұныңдар», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 7142; Ахмад: 12126).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Анасом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Слушайте и беспрекословно повинуйтесь, даже если вашим правителем назначат эфиопского раба, голова которого подобна изюминке (маленькая и покрытая чёрными курчавыми волосами)» (Аль-Бухари: 7142; Ахмад: 12126).

668
Риядус-салихин, № 668Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «عَلَيْكَ السَّمْعُ وَالطَّاعَةُ فِى عُسْرِكَ وَيُسْرِكَ، وَمَنْشَطِكَ وَمَكْرَهِكَ، وَأثَرَةٍ عَلَيْكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Сенің міндетің – жоқшылықта әрі молшылықта, қуанышты әрі көңілсіз болған шақтарыңда (яғни, нәпсің қаласа да, қаламаса да), сондай-ақ биліктегілердің шешімімен басқаларға (дүние-мүлік, дәреже-мансап немесе атақ-даңқ) беріліп, сен құр қалған жағдайда да (басшыларға) бойсұну», – деп айтты», – деген (Муслим: 4754; Ахмад: 8953).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Твоя обязанность – повиноваться (правителям) и в нужде, и в достатке, и в радости, и в печали (то есть независимо от того, желает этого твоя душа или нет), а также тогда, когда по решению власть имущих другим отдают предпочтение (наделяя их имуществом, положением, должностью или почестями), а ты остаёшься ни с чем”» (Муслим: 4754; Ахмад: 8953).

669
Риядус-салихин, № 669Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عَمْرُو، قَالَ: كنا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى سَفَرٍ، فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا، فَمِنَّا مَنْ يُصْلِحُ خِبَاءهُ، وَمِنّا مَنْ يَنْتَضِلُ، وَمِنَّا مَنْ هُوَ فِى جَشَرِهِ، إِذْ نَادَى مُنَادِى رَسُول اللَّهِ ﷺ: الصَّلَاةَ جَامِعَةً. فَاجْتَمَعْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «إِنَّهُ لَمْ يَكُنْ نَبِيٌّ قَبْلِى إِلَّا كَانَ حَقًّا عَلَيْهِ أَنْ يَدُلَّ أُمَّتَهُ عَلَى خَيْرِ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ، وَيُنْذِرَهُم شَرَّ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ. وَإِنَّ أُمَّتَكُمْ هَذِهِ جُعِلَ عَافِيَتُهَا فِى أَوَّلِهَا، وَسَيُصيبُ آخِرَهَا بَلَاءٌ وَأمُورٌ تُنْكِرُونَهَا، وَتَجِيءُ فِتنَةٌ يُرَقِّقُ بَعْضُهَا بَعْضًا، وَتَجِيءُ الْفتنَةُ فَيقُولُ الْمُؤْمِنُ: هذه مُهلكتي، ثُمَّ تنكشفُ، وتجيء الْفتنةُ فيَقُولُ الْمؤمنُ: هَذِهِ هَذِهِ. فَمَنْ أحَبَّ أَنْ يُزَحْزَحَ عَنِ النَّارِ، ويُدْخَلَ الْجَنَّةَ، فَلْتَأتِهِ منيَّتُهُ وَهُوَ يُؤْمِنَ بِاللَّهِ واليَوْمِ الْآخِرِ، وَلْيَأْتِ إِلَى النَّاسِ الَّذِى يُحِبُّ أَنْ يُؤْتَى إِلَيْهِ. وَمَنْ بَايَعَ إِمَامًا فَأعْطَاهُ صَفْقَةَ يَدِهِ، وَثَمَرَةَ قَلْبِهِ، فَلْيُطِعْهُ إِن استَطَاعَ، فإِنْ جَاءَ آخَرُ يُنَازِعُهُ فَاضْرِبُوا عُنْقَ الآخَرِ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр (р.а.): «Арамызда Алла елшісі ﷺ де бар бір сапарда тынығып алу үшін бір жерге келіп аялдадық. Тоқтаған соң, кейбіріміз шатыр тігіп, кейбіріміз садақ атып, базбіріміз мал жайып жүрген едік. Кенет Алла елшісінің жаршысы: «Жамағатпен намаз оқуға жиналыңдар!» – деп жар салды. Біріміз қалмай Алла елшісінің құзырына жиналдық. Сонда ол: «Расында, менен бұрын келіп-кеткен барлық пайғамбарлар өздерінің үмбетін, олар үшін қайырлы деп білген жақсылыққа бастап, әрі олар үшін зиянды деп білген жамандықтардан міндетті түрде сақтандырған. Ал енді өздерің алды болған осы үмбеттің (түрлі пәле-жаладан) дін аман болуы алғашқы буындардың еншісінде. Ал соңғы буындар түрлі бәлелер мен (бұрын-соңды болмаған) сендерге ұнамайтын жайсыз жағдайларға тап болады. Сондай-ақ (олардың кезеңінде) бірінен-бірі асып түсетін ауыр сынақтар мен бүліктер үсті-үстіне келетін болады. Сондай кезде басына күн туып, ауыр сынаққа тап болған мүмін: «Осы менің түбіме жетеді», – дейді. Алайда ол бұл сынақтан аман-есен өтуін өткенмен, артынан басқа бір ауыр сынақ келгенде, ол: «Міне, міне, осы менің түбіме жететін», – деп мұңаяды. Тозақ отынан жырақтап, жұмаққа кіргісі келген адам ажал жастығына бас қоярда Аллаға және ақырет күніне деген иманы кәміл болсын. Сондай-ақ кімде-кім адамдардың өзімен қандай қарым-қатынаста болуын қаласа, ол да басқаларына солай қарасын. Патшаға қол беріп, (оған бойсұнуға бел буып) шын жүректен ант еткен адам шамасы келгенше бойсұнсын. Егер басқа біреу келіп, (ел-жұрт болып сайлаған басшымен) билікке таласса, ойланбай басын шабыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 4776; Ахмад: 6503).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Однажды во время путешествия, в котором вместе с нами находился Посланник Аллаха ﷺ, мы остановились в одном месте, чтобы отдохнуть. Одни из нас стали устанавливать палатки, другие упражнялись в стрельбе из лука, а третьи пасли скот. Вдруг глашатай Посланника Аллаха ﷺ возвестил: “Собирайтесь на общую молитву!” И все мы без исключения собрались вокруг Посланника Аллаха ﷺ. Тогда он сказал: “Поистине, каждый пророк, приходивший до меня, непременно наставлял свою общину на то благо, которое считал полезным для неё, и предостерегал её от того зла, которое считал для неё пагубным. Что же касается этой вашей общины, то благополучие и сохранность от различных бедствий были уделом её первых поколений. Последующие же поколения постигнут многочисленные бедствия и неприятные события (неведомые прежде), которые вызовут у вас отвращение. Кроме того, во времена этих поколений одна за другой будут приходить тяжёлые смуты и испытания, каждое из которых окажется тяжелее предыдущего. Когда верующего постигнет тяжкое испытание, он скажет: ‘Это погубит меня!’ Но он благополучно пройдёт через него, а когда вслед за ним придёт другое тяжёлое испытание, скажет: ‘Вот оно! Вот что погубит меня!’

Пусть же тот, кто желает быть удалённым от Огня и войти в рай, встретит смерть с совершенной верой в Аллаха и Последний день. И пусть относится к людям так, как хотел бы, чтобы они относились к нему. Тот, кто, подав правителю руку, искренне принёс ему присягу всем сердцем (твёрдо решив повиноваться ему), пусть повинуется ему по мере своих сил. Если же явится другой и станет оспаривать у него власть (на которую того избрал народ), без колебаний отрубите ему голову”» (Муслим: 4776; Ахмад: 6503).

670
Риядус-салихин, № 670

عَنْ أَبِى هُنَيْدَةَ وَائِلِ بْنِ حُجرٍ قَالَ: سَأَلَ سَلَمَةُ بْنِ يَزيدَ الْجُعفِيُّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: يَا نَبِيَّ اللَّه، أرأيتَ إِنْ قامَت عَلَيْنَا أُمَرَاءُ يَسألُونَا حَقَّهُم، وَيمْنَعُونَا حَقَّنَا، فَمَا تَأْمُرُنَا؟ فَأعْرَضَ عَنْهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْمَعْوا وَأَطِيعُوا، فَإِنَّمَا عَلَيْهِمْ مَا حُمِّلُوا، وَعَلَيْكُمْ مَا حملْتُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һунайда Уәил ибн Хужр (р.а.): «Бірде Сәләма ибн Язид әл-Жуғфи Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Алланың пайғамбары! Айтыңызшы, егер бізді бізден өз құқықтарын талап ететін, бірақ бізді құқығымыздан айыратын басшылар басқарса, бізге не бұйырасыз?» – деп сұрап еді, ол одан теріс айналды. Содан соң ол тағы сұрап еді, Алла елшісі: «Тыңдаңдар және бағыныңдар! Ақиқатында, олар өздеріне жүктелген міндетке жауапты, ал сендер өздеріңе жүктелгенге жауаптысыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 4782).

Орысша аудармасы

Абу Хунайда Ваиль ибн Худжр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Салама ибн Язид аль-Джуфи спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Пророк Аллаха! Скажи, что ты велишь нам делать, если над нами будут правители, которые станут требовать от нас соблюдения своих прав, но лишать нас наших?” Однако он отвернулся от него. Тогда тот повторил свой вопрос, и Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Слушайте и повинуйтесь! Поистине, они несут ответственность за то, что возложено на них, а вы – за то, что возложено на вас”» (Муслим: 4782).

671
Риядус-салихин, № 671Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بنْ مَسْعُود قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهَا سَتَكُونُ بَعْدِى أثَرَةٌ وَأُمُورٌ تُنْكِرُونَهَا» قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ تَأمُرُ مَنْ أدْرَكَ مِنَّا ذَلِكَ؟ قَالَ: «تُؤَدُّونَ الْحَقَّ الَّذِى عَلَيْكُمْ، وَتَسْأَلُونَ اللَّهَ الَّذِى لَكُمْ»

Қазақша аудармасы

Ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Расында, менен кейін әділетсіз тағайындаулар1 мен сендер ұнатпайтын істер орын алады», – дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда бізге не бұйырасыз?» – дегенде, Алла елшісі оларға: «Өз міндеттеріңді толық атқарасыңдар да, өздеріңе тиесілі болғанды Алладан сұрайсыңдар», – деп жауап береді (Бұхари: 3604; Муслим: 4775; Ахмад: 3640).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, после меня будут происходить несправедливые назначения1 и дела, которые вызовут ваше неодобрение».

Тогда сподвижники спросили: «О Посланник Аллаха! Что же ты велишь нам делать?» Он ответил: «В полной мере исполняйте возложенные на вас обязанности, а то, что причитается вам, просите у Аллаха» (Аль-Бухари: 3604; Муслим: 4775; Ахмад: 3640).

  1. 1Белгілі бір мәнсапқа, қызметке немесе орынға лайықты адамдар тағайындалмай, соған лайық болмаса да, белгілі бір адамдардың өз-өздерін немесе өздеріне жақын адамдарды тағайындауы.
  1. 1Речь о случаях, когда на определённую должность, службу или пост назначают не тех, кто их достоин: некоторые люди занимают эти места сами либо назначают своих близких, даже если те не соответствуют должности.
672
Риядус-салихин, № 672Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أطَاعَنِى فَقَدْ أطَاعَ اللَّهَ، وَمَنْ عَصَانِى فَقَدْ عَصَى اللَّهَ، وَمَنْ يُطِعِ الْأَمِيرَ فَقَدْ أطَاعَنِى، وَمَنْ يَعصِ الْأميرَ فَقَدْ عَصَانِى»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім маған бағынса, Аллаға бағынғаны. Маған бағынбаса, Аллаға бағынбағаны. Сондай-ақ кімде-кім басшыға бағынса, маған бағынғаны. Басшыға бағынбаса, маған бағынбағаны», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 2957; Муслим: 4747; Ахмад: 7334).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Кто повинуется мне, тот повинуется Аллаху, а кто ослушивается меня, тот ослушивается Аллаха. И кто повинуется правителю, тот повинуется мне, а кто ослушивается правителя, тот ослушивается меня» (Аль-Бухари: 2957; Муслим: 4747; Ахмад: 7334).

673
Риядус-салихин, № 673Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «مَنْ كَره مِنْ أمِيرِهِ شَيْئًا فَلْيَصْبِرْ، فَإِنَّهُ مَنْ خَرَجَ مِنَ السُّلطَانِ شِبْرًا مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім басшысының қандай да бір іс-әрекетін1 ұнатпаса, сабырлылық танытсын, өйткені басшыға бойсұнудан бір сүйем болса да, алыстаған жан жаһилият дәуірінде көз жұмған адаммен бірдей болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 7053; Муслим: 4790; Ахмад: 2825).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кому не понравится какой-либо поступок своего правителя1, пусть проявит терпение, ибо тот, кто отдалится от повиновения правителю хотя бы на одну пядь, уподобится человеку, умершему во времена джахилии”» (Аль-Бухари: 7053; Муслим: 4790; Ахмад: 2825).

  1. 1Анық күпірлік немесе шариғаттың негізгі ұстанымдарына қайшы келетін істерден басқа...
  1. 1За исключением явного неверия или поступков, противоречащих основным положениям шариата…
674
Риядус-салихин, № 674Риуаят етуші: Әбу Бәкра (р.а.)

عَنْ أَبِى بَكْرة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، يَقُولُ: «مَنْ أهانَ السُّلطَانَ أَهَانَهُ اللَّه»

وفي الْباب أحاديث كَثِيرة فِى الصحيح. وَقَدْ سبق بعضها فِى أبواب

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «(Заңды) патшаны қорлағанды Алла қор қылады», – деп айтқанын естідім», – деген (Тирмизи: 2224).

Бұл тарауға «Сахих хадистер» жинақтарында келген көптеген хадистер жатады. Алдындағы тарауларда сол хадистердің біразы келтірілді.

Орысша аудармасы

Абу Бакра (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кто унизит (законного) правителя, того унизит Аллах”» (Ат-Тирмизи: 2224).

К этой главе относятся также многие хадисы, приведённые в сборниках «Сахих». Некоторые из них уже были упомянуты в предыдущих главах.