Хадис

Риядус-салихин, № 673

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
80. Күнәлі іске итермелемейінше басшыларға бағыну мұсылманның міндеті
Нөмірі
№ 673 (қазақша басылым реті)
673
Риядус-салихин, № 673Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «مَنْ كَره مِنْ أمِيرِهِ شَيْئًا فَلْيَصْبِرْ، فَإِنَّهُ مَنْ خَرَجَ مِنَ السُّلطَانِ شِبْرًا مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً»

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Кімде-кім басшысының қандай да бір іс-әрекетін1 ұнатпаса, сабырлылық танытсын, өйткені басшыға бойсұнудан бір сүйем болса да, алыстаған жан жаһилият дәуірінде көз жұмған адаммен бірдей болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 7053; Муслим: 4790; Ахмад: 2825).

Орысша аудармасы

Ибн Аббас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Кому не понравится какой-либо поступок своего правителя1, пусть проявит терпение, ибо тот, кто отдалится от повиновения правителю хотя бы на одну пядь, уподобится человеку, умершему во времена джахилии”» (Аль-Бухари: 7053; Муслим: 4790; Ахмад: 2825).

  1. 1Анық күпірлік немесе шариғаттың негізгі ұстанымдарына қайшы келетін істерден басқа...
  1. 1За исключением явного неверия или поступков, противоречащих основным положениям шариата…