عَنْ أَبِى هُنَيْدَةَ وَائِلِ بْنِ حُجرٍ قَالَ: سَأَلَ سَلَمَةُ بْنِ يَزيدَ الْجُعفِيُّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: يَا نَبِيَّ اللَّه، أرأيتَ إِنْ قامَت عَلَيْنَا أُمَرَاءُ يَسألُونَا حَقَّهُم، وَيمْنَعُونَا حَقَّنَا، فَمَا تَأْمُرُنَا؟ فَأعْرَضَ عَنْهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اسْمَعْوا وَأَطِيعُوا، فَإِنَّمَا عَلَيْهِمْ مَا حُمِّلُوا، وَعَلَيْكُمْ مَا حملْتُمْ»
Әбу Һунайда Уәил ибн Хужр (р.а.): «Бірде Сәләма ибн Язид әл-Жуғфи Алла елшісінен ﷺ: «Уа, Алланың пайғамбары! Айтыңызшы, егер бізді бізден өз құқықтарын талап ететін, бірақ бізді құқығымыздан айыратын басшылар басқарса, бізге не бұйырасыз?» – деп сұрап еді, ол одан теріс айналды. Содан соң ол тағы сұрап еді, Алла елшісі: «Тыңдаңдар және бағыныңдар! Ақиқатында, олар өздеріне жүктелген міндетке жауапты, ал сендер өздеріңе жүктелгенге жауаптысыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 4782).
Абу Хунайда Ваиль ибн Худжр (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Салама ибн Язид аль-Джуфи спросил Посланника Аллаха ﷺ: “О Пророк Аллаха! Скажи, что ты велишь нам делать, если над нами будут правители, которые станут требовать от нас соблюдения своих прав, но лишать нас наших?” Однако он отвернулся от него. Тогда тот повторил свой вопрос, и Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Слушайте и повинуйтесь! Поистине, они несут ответственность за то, что возложено на них, а вы – за то, что возложено на вас”» (Муслим: 4782).