عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: أَلَمْ تَرَ آيَاتٍ أُنْزِلَتْ هَذِهِ اللَّيْلَةَ لَمْ يُرَ مِثْلُهُنَّ قَطُّ؟ قُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ الْفَلَقِ. وَقُلْ أَعُوذُ بِرَبِّ النَّاسِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا الْبُخَارِىُّ.
Қазақша аудармасы
Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): “Бүгін түнде түскен, бұрын-соңды теңдесі көрілмеген аяттарды байқадың ба? Олар – ‘Қул ағузу бираббил-фәләқ’ және ‘Қул ағузу бираббин-нас’ сүрелері”, – деді».1
- 1Мүслим, «Мусафирин», 264 (№814); Тирмизи, «Фадаил әл-Құран», 12 (№2902, Ибраһим Жанан басылымында №2904), «Тәпсір», «Муғаууизәтәйн» (№3367, сол басылымда №3364); Әбу Дәуіт, «Салат», 354 (№1462–1463); Нәсәи, «Истиғаза», 1 (8-т., 251–254-б.).