وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «دَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ مَكَّةَ فِي عُمْرَةِ الْقَضَاءِ، وَعَبْدُ اللَّهِ بْنُ رَوَاحَةَ يَمْشِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَهُوَ يَقُولُ: خَلُّوا بَنِي الْكُفَّارِ عَنْ سَبِيلِهِ، الْيَوْمَ نَضْرِبْكُمْ عَلَى تَنْزِيلِهِ، ضَرْبًا يُزِيلُ الْهَامَ عَنْ مَقِيلِهِ، وَيُذْهِلُ الْخَلِيلَ عَنْ خَلِيلِهِ. فَقَالَ لَهُ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: بَيْنَ يَدَيْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَفِي حَرَمِ اللَّهِ تَقُولُ الشِّعْرَ؟ فَقَالَ ﷺ: خَلِّ عَنْهُ يَا عُمَرُ، فَلَهِيَ أَسْرَعُ فِيهِمْ مِنْ نَضْحِ النَّبْلِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ وَصَحَّحَهُ وَالنَّسَائِيُّ. «نَضْحُ النَّبْلِ» الرَّمْيُ بِهِ.
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) қаза ұмрасы кезінде Меккеге кіргенде, Абдулла ибн Рауаһа оның алдында жүріп мына өлеңді оқыды:
“Уа, кәпір балалары, жол ашыңдар!
Бүгін түскен уахи үшін
Сендерге сондай соққы береміз,
Бастарыңды орнынан ұшырар,
Досына досын ұмыттырар”.
Сонда Омар: “Уа, Ибн Рауаһа! Алла елшісінің (с.а.с.) алдында, Алланың Харам аймағында өлең айтқаның қалай?” – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Омар, оған тиме. Оның өлеңі оларға жебеден де жылдам тиеді”, – деді».1
- 1Тирмизи, «Әдеп» (2847). Нәсәи, «Манасик әл-хаж» (2873).