وَعَنِ الْهَيْثَمِ بْنِ أَبِي سِنَانٍ أَنَّهُ سَمِعَ أَبَا هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ يَقُصُّ وَيَذْكُرُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَخًا لَكُمْ لَا يَقُولُ الرَّفَثَ»، يَعْنِي بِذَلِكَ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ رَوَاحَةَ: وَفِينَا رَسُولُ اللَّهِ يَتْلُو كِتَابَهُ، إِذَا انْشَقَّ مَعْرُوفٌ مِنَ الْفَجْرِ سَاطِعُ؛ أَرَانَا الْهُدَى بَعْدَ الْعَمَى فَقُلُوبُنَا بِهِ مُوقِنَاتٌ أَنَّ مَا قَالَ وَاقِعُ؛ يَبِيتُ يُجَافِي جَنْبَهُ عَنْ فِرَاشِهِ إِذَا اسْتَثْقَلَتْ بِالْمُشْرِكِينَ الْمَضَاجِعُ. أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ. «الرَّفَثُ» الْفُحْشُ فِي الْقَوْلِ.
Һәйсам ибн Әбу Синан бұл әңгімені Әбу Һурайрадан (р.а.) Алла елшісі (с.а.с.) туралы естеліктер айтып отырған кезінде естіген. Әбу Һурайра: «Бір бауырларың әдепсіз сөз сөйлемейді», – дейді. Мұнда Абдулла ибн Рауаһа меңзелген. Оның Алла елшісі (с.а.с.) туралы бәйіттері мынадай: «Таң жарығы білінгенде, арамызда Алла елшісі Кітабын оқиды. Ол бізге адасудан кейін тура жолды көрсетті. Жүрегіміз оның айтқанының орындаларына кәміл сенеді. Мүшріктер ұйқыға батып жатқанда, ол төсегінен тұрып, түнін ояу өткізеді»1.
Түсіндірме
1. Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.) қатысты естелік айта отырып, Ибн Рауаһаның мінезі мен оның Пайғамбарды мадақтаған қасидасының бір үзіндісін жеткізеді. Кәмил Мирас оны «Тәжрид сарихта» өлеңмен аударған. Төмендегі жолдар сол аударманың мағынасын жеткізеді.
«Сәріде шын таң ағарып, нұр шашқанда,
Алла елшісі сахабаға Құран оқыр бабымен.
Адасудан арашалап, Исламмен жөнге бастады,
Көңіл сенді бізге жеткізген үкімнің бәріне.
Үндеуін тыңдап, кірдік хақ дінге,
Күпір мен адасудың қараңғысынан нұрға шықтық. Мүшріктер түнде төсегіне байланып жатқанда, Ол төсегінен тұрып, Раббысына бет бұратын».
2. Бұл риуаят Алла елшісінің (с.а.с.) ақиқатқа қызмет еткен өлеңге қарсы болмағанын, қайта осындай шайырларды бағалағанын көрсетеді.
- 1Бұхари, «Әдеп», 91, «Тәһәжжуд», 21 (1155).