Хадис

Кутуб ситтә, № 2538

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
353. № 2538–2539 хадистер
Нөмірі
№ 2538 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2538
Кутуб ситтә, № 2538 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: إِذَا أَمَّنَ الْإِمَامُ فَأمِّنُوا، فَإِنَّهُ مَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ الْمَلاَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَقُولُ: آمِينَ». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Имам “әмин” десе, сендер де “әмин” деңдер. Кімнің “әмині” періштелердің “әминімен” тұспа-тұс келсе, бұрынғы күнәлары кешіріледі».

Ибн Шиһаб: «Алла елшісі (с.а.с.) “Әмин” дейтін», – деген.1

  1. 1Бұхари, Азан: 112; Мүслим, Салат: 72, (410); Муатта, Салат: 44, (1, 87); Әбу Дәуіт, Салат: 172, (936); Тирмизи, Салат: 185 (250); Нәсәи, Ифтитах: 34, 35, (2, 144); Ибн Мәжа, Қамат: 14, (851).