Хадис

Кутуб ситтә, № 2726

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
374. Артық қимылдарды тәрк ету
Нөмірі
№ 2726 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 15
2726
Кутуб ситтә, № 2726 · тараудағы реті: 15Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: اقْتُلُوا الْأسْوَدَيْنِ فِي الصَّلَاةِ الْحَيَّةَ وَالْعَقْرَبَ». أَخْرَجَهُ أَصْحَابُ السُّنَنِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Намазда тұрғанда екі қараны, яғни жылан мен шаянды өлтіріңдер”, – деді».1

Түсіндірме

1. «Екі қара» деген тіркесте бірінің атауы екеуіне де ортақ қолданылған. Негізінде «қара» («әсуәд») деп жыланды ғана атайды.

2. Хаттаби былай дейді: «Хадис намазда аз қимылға (амал ясирге) рұқсат екенін әрі бір қимыл екі рет қатарынан жасалса, намаз бұзылмайтынын көрсетеді. Өйткені жылан бір не екі соққыдан өлуі мүмкін. Қимыл амал кәсир шегіне жетсе, намаз бұзылады. Алайда хадисте жыланды міндетті түрде бір-екі соққымен өлтіру шарт етілмеген».

3. Адамға жылан тәрізді зиян келтіретін өзге жәндіктер де осы үкімге кіреді. Ибраһим ән-Нахағиден басқа ғалымдар жылан мен шаянды өлтіруге рұқсат еткен.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Салат», 169 (№921). Тирмизи, «Салат», 287 (№390). Нәсәи, «Сәһу», 12 (3/10).