Хадис

Кутуб ситтә, № 2818

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
388. Имамға ұюға қатысты үкімдер. Саптың реті және имамға ұюдың шарттары мен әдебі
Нөмірі
№ 2818 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
2818
Кутуб ситтә, № 2818 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: خِيَارُكُمْ أَلْيَنُكُمْ مَنَاكِبَ فِي الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Сендердің ең жақсыларың – намазда иығы ең жұмсақ болғандарың”, – деді».1

Түсіндірме

«Иығы жұмсақ болу» – сапты түзеуші сөзбен немесе иыққа қолын қойып белгі берсе, соған ілесе қимылдау. Хаттаби мұны намазда тыныш тұру, оңға-солға алақтамау және өзгені иықпен итермеу деп түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – тар жерден саптағы бос орынға өтпек болған адамға жол беру, сап тығыз тұрсын деп оны иықпен кері итермеу.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 94, (672).