Хадис

Кутуб ситтә, № 2897

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
394. Жолаушы намазы
Нөмірі
№ 2897 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2897
Кутуб ситтә, № 2897 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «وَقَدْ سُئِلَ عَنْ قَصْرِ الصَّلَاةِ. فَقَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا خَرَجَ مَسِيرَةَ ثَلَاثَةِ أَمْيَالٍ أَوْ ثَلَاثَةِ فَرَاسِخَ (شَكَّ شُعْبَةُ) صَلَّى رَكْعَتَيْنِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) намазды қысқарту туралы сұрағанда, ол: «Алла елшісі (с.а.с.) үш миль немесе үш фарсах жер жүргенде намазын екі рәкат оқитын»1, – деп жауап берді. Риуаятты жеткізуші Шуғба осы екі өлшемнің қайсысы айтылғанына күмәнданған.

  1. 1Мүслим, «Салат әл-мусафирин», 12 (№ 691). Әбу Дәуіт, «Салат», 271 (№ 1201).