وَزَادَ أَبُو دَاوُدَ رَحِمَهُ اللَّهُ: قَالَ: ﴿وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ﴾، فَكَانَ مَنْ شَاءَ مِنْهُمْ أَنْ يَفْتَدِيَ بِطَعَامِ مِسْكِينٍ افْتَدَى بِهِ وَتَمَّ لَهُ صَوْمُهُ. فَقَالَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ﴾. ثُمَّ قَالَ: ﴿فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ﴾.
Әбу Дәуіт жеткізген риуаятта Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «“Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек” деген аят түскенде, қалаған адам ораза орнына бір жарлыны тамақтандыратын. Осылайша ораза міндетін өтеген болып саналатын. Алла тағала: “Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы”, – деді. Содан кейін: “Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын”1, – деді».2 (Түсіндірмесі № 463 хадистің соңында берілген.)