Хадис

Кутуб ситтә, № 461

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 461 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 21
461
Кутуб ситтә, № 461 · тараудағы реті: 21

وَفِي أُخْرَى لَهُ: «أُثْبِتَتْ لِلْحُبْلَى وَالْمُرْضِعِ»، يَعْنِي الْفِدْيَةَ وَالْإِفْطَارَ. وَعِنْدَ النَّسَائِيِّ قَالَ: «﴿وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ﴾: يُكَلَّفُونَهُ. ﴿فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ﴾: وَاحِدٍ. ﴿فَمَنْ تَطَوَّعَ خَيْرًا﴾: فَزَادَ مِسْكِينًا آخَرَ. لَيْسَ بِمَنْسُوخَةٍ. ﴿فَهُوَ خَيْرٌ لَهُ وَأَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُمْ﴾. لَا يُرَخَّصُ فِي هَٰذَا إِلَّا لِلْكَبِيرِ الَّذِي لَا يُطِيقُ الصِّيَامَ، وَالْمَرِيضِ الَّذِي لَا يُشْفَىٰ».

Қазақша аудармасы

Әбу Дәуіттің басқа бір риуаятында: «Жүкті және бала емізетін әйелдерге бұл үкім күшінде қалдырылды», – делінеді. Мұнда ораза ұстамай, орнына підия беру меңзелген.

Нәсәи жеткізген риуаятта Ибн Аббас (р.а.) былай түсіндіреді: «“Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер” дегені – ораза ұстағанда қатты қиналатындар. Підия – бір жарлыға берілетін тамақ. “Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап, асырып берсе” дегені – тағы бір жарлыға тамақ беру. Аяттың үкімі жойылған жоқ. “Онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы”. Бұл жеңілдік ораза ұстай алмайтын қартқа және айықпас дертке шалдыққан науқасқа беріледі».1 (Түсіндірмесі № 463 хадистің соңында берілген.)

  1. 1Әбу Дәуіт, Саум (2318); Нәсәи, әс-Сунан әл-кубра (11128).