Хадис

Кутуб ситтә, № 462

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 462 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 22
462
Кутуб ситтә, № 462 · тараудағы реті: 22

وَعَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ هَٰذِهِ الْآيَةُ: ﴿وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ﴾، كَانَ مَنْ أَرَادَ أَنْ يُفْطِرَ وَيَفْتَدِيَ، حَتَّىٰ نَزَلَتِ الْآيَةُ الَّتِي بَعْدَهَا فَنَسَخَتْهَا، يَعْنِي: ﴿فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ﴾». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.

Қазақша аудармасы

Сәләма ибн Әкуағ (р.а.) былай дейді: «“Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер підия ретінде бір жарлының тамағын беруі керек” деген аят түскенде, қалаған адам ораза ұстамай, орнына підия беретін. Бұл кейінгі аят түсіп, алдыңғы үкімнің күші жойылғанға дейін жалғасты. Кейінгі аятта: “Араларыңнан кімде-кім Рамазан айына аман-есен жетсе, оны ораза ұстап өткізсін”, – делінген».1 (Түсіндірмесі № 463 хадистің соңында берілген.)

  1. 1Бұхари, Тәпсір, «Бақара», 26 (4507); Мүслим, Сиям, 149 (1145); Әбу Дәуіт, Саум, 2 (2315); Тирмизи, Саум, 75 (798); Нәсәи, Сиям, 63 (4/190).