Хадис

Кутуб ситтә, № 474

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 474 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 34
474
Кутуб ситтә, № 474 · тараудағы реті: 34

وَعَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَعْقِلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَأَلْتُ كَعْبَ بْنَ عُجْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ فِدْيَةٍ مِنْ صِيَامٍ. قَالَ: حُمِلْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَالْقَمْلُ يَتَنَاثَرُ عَلَى وَجْهِي. فَقَالَ: مَا كُنْتُ أُرَى أَنَّ الْجَهْدَ بَلَغَ بِكَ هَذَا. أَمَا تَجِدُ شَاةً؟ قُلْتُ: لَا. قَالَ: صُمْ ثَلَاثَةَ أَيَّامٍ أَوْ أَطْعِمْ سِتَّةَ مَسَاكِينَ، لِكُلِّ مِسْكِينٍ نِصْفُ صَاعٍ مِنَ الطَّعَامِ، وَاحْلِقْ رَأْسَكَ. فَنَزَلَتْ فِيَّ خَاصَّةً، وَهِيَ لَكُمْ عَامَّةً». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ، وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мағқил (р.а.) былай баяндайды: «Кәғб ибн Ужрадан (р.а.) “соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін не құрбан шалсын”1 деген аят жайында сұрадым. Ол былай деді: “Мені Алла елшісіне (с.а.с.) алып барды. Басымдағы биттер бетіме түсіп жатты. Ол ‘Соншалық қиналғаныңды білмеппін. Бір қой таба аласың ба?’ – деді. ‘Жоқ’, – дедім. [Сонда ‘Кімде-кім ауырып қалса немесе басында кеселі болса, соның өтемі ретінде ораза ұстасын, яки садақа берсін не құрбан шалсын’2 деген аят түсті.] Алла елшісі (с.а.с.) ‘Үш күн ораза ұста немесе әр міскінге жарты сағ азықтан беріп, алты міскінді тойдыр да, шашыңды алдыр’, – деді. Бұл аят менің басымдағы жағдайға байланысты түскенімен, оның үкімі бәріңе ортақ”».3

Түсіндірме

Қажылық кезінде ихрамдағы адамға шашын алдыруға, бит пен бүргені қоса алғанда, жәндік пен жануар өлтіруге тыйым салынады. Хадисте Кәғб ибн Ужраның (р.а.) басын бит басып, төзе алмайтындай күйге түскені айтылады. Ол ихрамнан шығатын уақытқа дейін не шара қолдануға болатынын білу үшін Алла елшісіне (с.а.с.) жүгінген. Осыған орай аят түсіп, ихрамдағы адам тыйымды бұзуға мәжбүр болғанда қандай өтем беретінін түсіндірді. Алла елшісі (с.а.с.) Кәғб ибн Ужрадан «Өтем ретінде шалатын қойың бар ма?» деп сұрады. Ол жоқ дегенде, басқа амалдарды атап: «Үш күн ораза ұстау немесе алты міскінді тамақтандыру шартымен шашыңды алдырып, биттен арыл», – деп пәтуа берді.

  1. 1«Бақара» сүресі, 196-аят.
  2. 2«Бақара» сүресі, 196-аят.
  3. 3Бұхари, Тәпсір, «Бақара», 32-бап (4517), Мағази, 35-бап, Медицина, 16-бап. Мүслим, Қажылық, 1201. Тирмизи, Тәпсір, 2977 (өзге басылымда 2973). Әбу Дәуіт, Қажылық рәсімдері, 1856. Ибн Мәжа, Қажылық рәсімдері, 3079. «Муатта», Қажылық, 239 (1/117). Нәсәи, Қажылық рәсімдері, 96-бап (5/194–195).