وَعَنْ أَبِي أُمَامَةَ التَّمِيمِيِّ قَالَ: «كُنْتُ رَجُلًا أُكْرِي فِي هَذَا الْوَجْهِ، وَكَانَ النَّاسُ يَقُولُونَ: إِنَّهُ لَيْسَ لَكَ حَجٌّ، فَلَقِيتُ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَقُلْتُ: إِنِّي رَجُلٌ أُكْرِي فِي هَذَا الْوَجْهِ، وَإِنَّ نَاسًا يَقُولُونَ: إِنَّهُ لَيْسَ لَكَ حَجٌّ. فَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: أَلَيْسَ تُحْرِمُ وَتُلَبِّي وَتَطُوفُ؟ قُلْتُ: بَلَى. قَالَ: فَإِنَّ لَكَ حَجًّا. جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَسَأَلَهُ عَنْ مِثْلِ مَا سَأَلْتَنِي، فَسَكَتَ وَلَمْ يُجِبْهُ حَتَّى نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: “لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَبْتَغُوا فَضْلًا مِنْ رَبِّكُمْ”، فَأَرْسَلَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَرَأَهَا عَلَيْهِ وَقَالَ: لَكَ حَجٌّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Әбу Умама әт-Тәмими былай баяндайды: «Қажылық сапарында мініс көлігін жалға беретінмін. Жұрт маған “Сенің қажылығың есептелмейді” дейтін. Ибн Омарды (р.а.) жолықтырып, “Қажылық кезінде көлік жалға беремін. Жұрттың кейбірі ‘Сенің қажылығың есептелмейді’ дейді”, – дедім. Ибн Омар “Ихрамға кіріп, тәлбия айтып, тауап жасайсың ғой?” деп сұрады. “Иә”, – дедім. Ол былай деді: “Қажылығың есептеледі. Бір кісі Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, сенің сұрағыңдай сұрақ қойды. Алла елшісі (с.а.с.) үнсіз қалып, осы аят түскенше оған жауап бермеді: ‘Раббыларыңнан ризық-несібе тілегендерің үшін күнә арқаламайсыңдар’1. Содан соң Алла елшісі (с.а.с.) әлгі кісіні шақыртып, аятты оқып берді де, ‘Қажылығың есептеледі’, – деді”».2