Хадис

Кутуб ситтә, № 505

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 505 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 65
505
Кутуб ситтә, № 505 · тараудағы реті: 65

وَعِنْدَ التِّرْمِذِيِّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْكَرِيمَ ابْنَ الْكَرِيمِ ابْنِ الْكَرِيمِ ابْنِ الْكَرِيمِ يُوسُفُ بْنُ يَعْقُوبَ بْنِ إِسْحَاقَ بْنِ إِبْرَاهِيمَ». قَالَ: «وَلَوْ لَبِثْتُ فِي السِّجْنِ مَا لَبِثَ يُوسُفُ ثُمَّ جَاءَنِي الرَّسُولُ أَجَبْتُ». ثُمَّ قَرَأَ: ﴿فَلَمَّا جَاءَهُ الرَّسُولُ قَالَ ارْجِعْ إِلَىٰ رَبِّكَ فَاسْأَلْهُ مَا بَالُ النِّسْوَةِ اللَّاتِي قَطَّعْنَ أَيْدِيَهُنَّ﴾. قَالَ: «وَرَحْمَةُ اللَّهِ عَلَىٰ لُوطٍ، إِنْ كَانَ لَيَأْوِي إِلَىٰ رُكْنٍ شَدِيدٍ، إِذْ قَالَ: ﴿لَوْ أَنَّ لِي بِكُمْ قُوَّةً أَوْ آوِي إِلَىٰ رُكْنٍ شَدِيدٍ﴾، فَمَا بَعَثَ اللَّهُ مِنْ بَعْدِهِ نَبِيًّا إِلَّا فِي ذِرْوَةٍ مِنْ قَوْمِهِ». حَدَّثَنَا أَبُو كُرَيْبٍ، قَالَ: حَدَّثَنَا عَبْدَةُ وَعَبْدُ الرَّحِيمِ، عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ عَمْرٍو، نَحْوَ حَدِيثِ الْفَضْلِ بْنِ مُوسَىٰ، إِلَّا أَنَّهُ قَالَ: «مَا بَعَثَ اللَّهُ بَعْدَهُ نَبِيًّا إِلَّا فِي ثَرْوَةٍ مِنْ قَوْمِهِ».

Қазақша аудармасы

Тирмизидегі риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: «Ардақтының ұлы, ардақтының ұлы, ардақтының ұлы – ардақты Юсуф. Ол – Ибраһимнің ұлы Исхақтың ұлы Яқубтың ұлы». Содан соң: «Егер мен Юсуф жатқандай ұзақ уақыт зынданда жатып, маған елші келсе, шақыруын қабыл алар едім», – деп, мына аятты оқыды: «Елші келгенде, Юсуф: “Жоқ, алдымен қожайыныңа қайта бар да, одан әлгі (мені көргенде) қолдарын кесіп алған әйелдер жайлы (ақиқатты біледі ме екен, соны) сұра”, – деді»1.

Алла елшісі (с.а.с.) сөзін әрі қарай жалғады: «Лутқа (а.с.) Алланың рақымы жаусын! Ол берік панаға сүйенген еді. Ол: “Әттең! Сендерге төтеп берер күш-қуатым болғанда ғой! Немесе бір берік қамалым болып, соны пана қылар ма едім?!” – деді. Содан кейін Алла әрбір пайғамбарды өз қауымының ең беделді әулетінен жіберді». Әбу Курайбтың Абда мен Абдуррахим арқылы Мұхаммед ибн Амрдан жеткізген нұсқасы Фадл ибн Мұсаның риуаятымен мәндес. Онда «Содан кейін Алла әрбір пайғамбарды өз қауымының көп санды әулетінен жіберді» делінген2.

(Түсіндірмесін № 504 хадистен қараңыз.)

  1. 1«Юсуф» сүресі, 50-аят (үзінді).
  2. 2«Һуд» сүресі, 80-аят (үзінді). Тирмизи, «Тәпсір», «Юсуф» (3116, кей басылымда 3115).