Хадис

Кутуб ситтә, № 682

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
69. «Исра» сүресі
Нөмірі
№ 682 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
682
Кутуб ситтә, № 682 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ كَانَ يَقُولُ: «دُلُوكُ الشَّمْسِ مَيْلُهَا». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) «Күн тас төбеден ауғаннан, түн жамылғанға дейін намаз оқы, әсіресе, таң намазын оқы»1 деген аяттағы «дулукуш-шәмс» тіркесін «күннің ауған шағы» деп түсіндіретін.2

Түсіндірме

Бұл тіркес келесі хадистің түсіндірмесінде талданады.

  1. 1«Исра» сүресі, 78-аят (үзінді).
  2. 2Мәлик, «Муатта», «Уқутус-салат», 19 (1/11).