Хадис

Кутуб ситтә, № 5885

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
954. Нәпсіге қатысты кеселдер туралы хадистер
Нөмірі
№ 5885 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
5885
Кутуб ситтә, № 5885 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: شَرُّ مَا فِي رَجُلٍ شُحٌّ هَالِعٌ وَجُبْنٌ خَالِعٌ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Адам бойындағы ең жаман қасиеттер – шектен шыққан сараңдық пен зәре ұшырар қорқақтық”, – деді».1

Түсіндірме

Хаттаби «сараңдық» деп аударылған «шухх» сөзін «бухлдың» шектен асқан түрі деп түсіндіреді. «Бухл» кісінің мойнындағы өзге адамның міндетті ақысын беруге бөгет болады. Кісі сол ақыны берген күннің өзінде, дүниеқоңыздық пен қорқыныштан арыла алмайды. «Шухх» сараңдықтың бұдан да ауыр дәрежесін білдіреді.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», 22 (№ 2511).