وَعَنْ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَلْعُونٌ مَنْ ضَارَّ مُؤْمِنًا أَوْ مَكَرَ بِهِ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Мүмінге зиян келтірген немесе оған айла жасаған кісі лағынетке ұшыраған”, – деді».1
Түсіндірме
«Малғұн» Алланың рақымынан алыстатылған кісіні білдіреді. Бұл атау мүмінге зиян келтіру мен оған айла жасаудың Алла алдындағы ауыр күнә екенін аңғартады. Келесі хадисте де: «Кім мүмінге зиян келтірсе, Алла оны да зиянға ұшыратады. Кім мұсылманды машақатқа салса, Алла оны да машақатқа салады», – делінген.
«Зиян» мен «машақат» мағыналас. «Зиян» көбіне мал-мүліктің бүлінуіне қатысты айтылады, «машақат» адамның өзіне жеткен жапаны білдіреді. Сондықтан мұсылманға ашық түрде немесе айламен жасырын зиян келтіру – харам. Алла мұндай іс үшін жаза береді.
- 1Тирмизи, Бирр 27 (1942).