Қазақша аудармасы
Ата ибн Ясардан жеткен риуаятта былай делінеді: «Харис ұлдарынан шыққан ансарлық кісі Ұхудта сауылатын түйесін жайып жүрген еді. Түйе кенет құлап, өлуге айналды. Иесі қыры өткір ағашпен оны бауыздап үлгерді. Бұл жай Алла елшісіне (с.а.с.) айтылғанда, ол: “Оқасы жоқ, етін жеңдер”, – деді».1
- 1Әбу Омар: «Барлық риуаятшы бойынша, бұл – мүрсәл хадис», – дейді. Қараңыз: Шайбани, 640.