Хадис

Муатта, № 4

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
24. Жануарды бауыздау
бап
2. Мәжбүр жағдайда жануарды бауыздау тәсілдері
Нөмірі
№ 4 (кітап ішіндегі рет реті)
4
Муатта, 24-кітап, № 4
Қазақша аудармасы

Муғаз ибн Сағдтан немесе Сағд ибн Муғаздан жеткен риуаятта былай делінеді: «Кағб ибн Мәликтің күңі Сәлғ тауында қой жайып жүрген еді. Бір қойы ауырып қалғанда, оған дереу жетіп, таспен бауыздады. Кейін бұл жайды ардақты Пайғамбардан сұрады. Ол: “Оқасы жоқ, етін жеңдер”, – деді».1

  1. 1Бұхари, «Зәбаих уәс-сайд», 72/19. Сондай-ақ қараңыз: Шайбани, 641. Ханафи мәзһабы осылай бауыздалған малдың етін жеуге болатынына осы хадисті дәлел етеді.