Хадис

Муатта, № 1

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
27. Неке
бап
1. Қыз айттыру
Нөмірі
№ 1 (кітап ішіндегі рет реті)
1
Муатта, 27-кітап, № 1
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Ешбірің мұсылман бауыры сөз салып қойған әйелге сөз салмасын»1, – деп бұйырды.2

  1. 1Бұхари, «Никах», 67/45; Шафиғи, «Рисалә», № 847; Шайбани, 528.
  2. 2Хадистегі «сөз салмайды» деген тіркес «сөз салмасын» деген мағынаны білдіреді. Ардақты Пайғамбардың сөз саптауы биязы әрі әсерлі: «Сендер, мүміндер, тыйым салынған істі істемеңдер» деп ескертпей-ақ, онсыз да ондай істен аулақ боласыңдар дегенге саяды.