Хадис

Муатта, № 18

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
6. Жұма намазы
бап
8. Жұма күні таза киіну, алдыңғы сапқа өту үшін адамдардың иығынан баспау және құтба оқыған имамға қарап отырып тыңдау
Нөмірі
№ 18 (кітап ішіндегі рет реті)
18
Муатта, 6-кітап, № 18
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Жұма намазына кешігіп, имам құтбаға шыққаннан кейін мешітке келіп, алдыңғы саптарға өту үшін адамдардың иығынан басқаннан гөрі, намазды Заһрул-Харрада, яғни Мәдинаның сыртында оқығандарың қайырлы1». Имам Мәлик былай дейді: «Біздің ұстанымымыз бойынша, имам жұманың құтбасын оқып тұрғанда жамағаттың оған қарап отыруы – сүннет».

  1. 1Жамағатты мазалап, алдыңғы саптарға қарай өту дұрыс емес. Сондай-ақ мешітке ерте келгендер де алдыңғы саптарда бос орын қалдырмай отыруы керек.