Қазақша аудармасы
Утба ибн Мәсғудтың немересі Убайдуллаһтан риуаят етіледі: «Даххак ибн Қайс Нұғман ибн Бәширден (р.а.) Алла елшісінің жұма күні “Жұма” сүресін аяқтағаннан кейін қай сүрені оқығанын сұрады. Ол: “‘Һәл әтәкә хадисул-ғашия’, яғни ‘Ғашия’ сүресін оқитын”, – деді1».
- 1Муслим, «Жұма», 7/63. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 226.