وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَرَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ أَخْبَارَهَا. قَالَ: أَتَدْرُونَ مَا أَخْبَارُهَا؟ قَالُوا: اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: هُوَ أَنْ تَشْهَدَ عَلَى كُلِّ عَبْدٍ وَأَمَةٍ بِمَا عَمِلَ عَلَى ظَهْرِهَا، تَقُولُ: عَمِلَ يَوْمَ كَذَا وَكَذَا وَكَذَا وَكَذَا فَهَذِهِ أَخْبَارُهَا». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ وَصَحَّحَهُ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ﴿يَوْمَئِذٍ تُحَدِّثُ أَخْبَارَهَا﴾ “Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын-соңды болып өткен бар істің хабарын түгелдей баяндайды.” деген аятты оқып: “Жердің қандай хабар беретінін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Қасындағылар: “Алла мен Оның Елшісі біледі”, – деді. Ол: “Жер әр еркек пен әйелдің үстінде не істегеніне куәлік етіп, ‘Пәлен күні пәлен істі істеді’ деп хабар береді”, – деді».1
- 1Тирмизи, «Қиямет», 8 (№2429, Ибраһим Жанан басылымында №2431), «Тәпсір», «Зілзала» (№3353, сол басылымда №3350).