Хадис

Кутуб ситтә, № 466

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 466 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 26
466
Кутуб ситтә, № 466 · тараудағы реті: 26Риуаят етуші: Бәра (р.а.)

وَعَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا نَزَلَ صَوْمُ رَمَضَانَ كَانُوا لَا يَقْرَبُونَ النِّسَاءَ رَمَضَانَ كُلَّهُ، وَكَانَ رِجَالٌ يَخُونُونَ أَنْفُسَهُمْ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: “عَلِمَ اللَّهُ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَخْتَانُونَ أَنْفُسَكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ وَعَفَا عَنْكُمْ” الْآيَةَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай дейді: «Рамазан оразасы парыз етілгенде, мұсылмандар ай бойы жұбайларына жақындамайтын. Кейбір ер адамдар нәпсісіне еріп, өзіне қиянат жасайтын. Сонда Алла тағала мына аятты түсірді: “Алла өз-өздеріңе қиянат жасап жатқандарыңды білгендіктен, сендерге мейірімі түсіп, тәубелеріңді қабыл алды һәм сендерді күнәға батудан сақтады”1».2

Түсіндірме

Жоғарыдағы риуаятқа қарағанда, исламның алғашқы жылдарында Рамазан айында жұбайлардың жақындасуына рұқсат берілмеген. Кейбір риуаяттарда бұл тыйымның ұйықтағаннан кейінгі уақытқа қатысты болғаны және ішіп-жеуге де таралғаны айтылады. Яғни ұйқыдан оянған соң сәресі ішуге болмайтын. Келесі хадисте баяндалғандай, белгілі оқиғаларға орай түскен аят түнде ішіп-жеуге де, жұбайына жақындауға да рұқсат берді. Аяттың түсуіне себеп болған оқиға туралы бір риуаятта былай делінеді. Рамазанның бір түнінде Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) қасында кешке дейін отырады. Үйіне қайтып келгенде, өзі әлі ұйықтамағандықтан, жұбайына жақындағысы келеді. Жұбайы «Мен ұйықтап қалдым» деп қарсылық білдіреді. Омар (р.а.) «Мен ұйықтаған жоқпын» деп, жұбайына жақындайды. Кәғб ибн Мәликтің де басынан осындай жағдай өтеді. Ертеңінде бұл жайт Алла елшісіне (с.а.с.) баяндалады. Осыдан кейін жоғарыдағы аят түседі.

  1. 1«Бақара» сүресі, 187-аят.
  2. 2Бұхари, Тәпсір, «Бақара», 27-бап (4508).